
2015 жылы 05 мамырда №24 орта мектебінде өткізілген «Жігіт сұлтаны-2015» сайысы
2015 жылы 05 мамырда №24 орта мектебінде өткізілген
«Жігіт сұлтаны-2015» сайысы
2015 жылы 05 мамырда №24 орта мектебінде өткізілген
«Жігіт сұлтаны-2015» сайысы
Ұлттың болашағы ұрпағыңда болса, ұрпақ тәрбиесі - біздің қолымызда. Демек, ата тегін қадірлеу, ер жігітке жарасар «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу, ел намысын қорғау сияқты ұғымдарды жігіттеріміздің бойына зерделеп жеткізу , егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ» өсіру мақсатында ұйымдастырылған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Сайысқа 8-9 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптан бір жігттен шықты. Сайыс барысы таныстыру, өнер көрсету , тақырыпқа сай сұрақ жауап жәнеде спортық өнерден қол күрес, гір тасын көтерумен өтті.
Сайыста жүлделі ІІІ орынды 9 «Б» сыныбы Ахметов Бабамурат, жүлделі ІІ орынға 9 «Ә» сыныбы Есенәлі Мыңжасар, жүлделі І орынды 8 «В» Фатхисламов Нурлан иеленсе, 9 «А» сыныбының намысын қорғаған Жаманбайтегі Қолғанат «Жігіт сұлтаны-2015 » атанды.
Басқа қатысушыларға ынталандыру алғыс хаты берілді.
Сайысқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нурушева А.К. және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова А.Ж. , дене тәрбие пәнінің мұғалімі Аябеков М.Б. қазылық етті.
Сайыс қызық, әрі тартымды өтті.
Орындаған: Эргашев Э.Т.