
Ұлы жеңіске 70 жыл
"Соғыстан қайтқан солдаттар" атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген іс-шара.
"Соғыстан қайтқан солдаттар" атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген іс-шара.
№74 мектеп-гимназиясына шақырылған ардагерлер тізімі : Бекмади Ахат Бекмадиұлы 1923 жылы туған 92 жастағы ардагер. Отан соғысы орденімен екі мәрте, «Жеңіс» медалі, соғыс уақытындағы ерен еңбегі үшін, «Мәскеу қорғанысы» медалімен, «Жуков» атындағы медалімен марапатталған.Уақытында физика-математика пәнінен сабақ беріп, директордың орынбасары және мектеп директоры қызметін атқарған. Соғыс уақытында екі рет қатты жарақат алған.
Бермухамбетова Балқиза Сейткереевна 1935 жылы туған. «Еңбек Ері» медалінің иегері.
Байгенжина Күланда Кабытаевна 1934 жылы туған. «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 65 жыл» медалімен марапатталған.
Тәженов Мэлс Халелұлы 1936 жылы туған. «Еңбек Ері» медалінің иегері, «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 65 жыл» медалімен марапатталған.
Конакпаева Заида Курмангалиевна 1936 жылы туған. «Еңбек Ері» медалінің иегері, «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 70 жыл» медалімен марапатталған.
Иваней Валентина Ивановна 1934 жылы туған. «Еңбек Ері» медалінің иегері, «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 65 жыл» медалі, «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 70 жыл» медалімен марапатталған
Сейдетова Нәсіп Искандеровна 1941 жылы туған. 42 жыл медицина саласында қызмет етіп келген. «Еңбек Ері» медалінің иегері.
Комментариев нет
Просмотров: 475