
Құстар-біздің досымыз
Мектебімізде 1 сынып оқушылары арасында "Құстар-біздің досымыз" атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға құстар туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау, экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I бөлім. Құстар туралы тақпақтар және «Баланың тапқырлығы» атты көрініс:
II бөлім. Жұмбақтар шешу
III бөлім. Оқушылар шығармашылығы
Жүргізуші:
Құстар, құстар келеді,
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге,
Жақсы хабар береді.
Жүргізуші:
Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт береке күнімен
Ендеше «Құстар біздің досымыз» атты сахналық көрінісімізді бастайық.
Жүргізуші:
Сәлем, достар, амиан ба,
Мынау бейбіт заманда
Шат шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда
Жүргізуші:
Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Қуанта бер көктем
Оқушы: Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.
Оқушы: Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.
Оқушы: Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесейік.
Оқушы: Жыл құстары салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қаратоғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз,тырна жатады.
Оқушы: Құстар туған жерге топ тобымен ұшып келіп жатады. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспайды.
Оқушы: Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік.Қарлығаш адамға дос, ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.
Оқушы: Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп, қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
Қарлығашпын мен,
Адамның тұрағында
Мекен етіп тұрамын.
Тазалаймын үй ішін,
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген.
Оқушы: Қараторғай өзі кішкентай, өте пайдалы құс, орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып,жылынады.Қараторғайды әнге қосып шырқаған:
Мен қараторғаймын,
Шегірткедей жұтыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке, жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құр татұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын.
Оқушы: Аққу 30- 40 жыл өмір сүретін, көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек, жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Оқушы: Халық « Көктем келсе көкек келді» дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Өйткені көкек көктем келе салысымен «көкек, көкек» деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.
Жаршысымын көктемнің
Көкек дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін
Көктемді күтсең, мені күт.
Оқушы: Мен еркін бақытты бұлбұлмын,
Бұлағын тасытқан ән жырдың
Тамаша тамылжып шырқаймын
Шаттығын тауыса алмай әр күннің
Оқушы Тоқылдақты халық « орман емшісі» деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт құмырсқадан тазартады.
Құртты іздеп інінен
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
Оқушы: Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін бұлбұлға теңеген. Азаматын сұңқарға, сұлуын аққуға, ер жігітін жапалаққа теңеген.
1 « В» сынып оқушыларының сахналық көрінісі «Баланың тапқырлығы» қабыл алыңыздар
Қатысатын оқушылар: Қашай Тамирис, Рахымбай Темирлан, Ахмет Атбегі, Маратов Ердос, Аралбаев Даниял, Болатбек Бекнұр
«Жұмбақтар шешу»
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап,
Бесікке қадаған
Бұл қай құс? (Үкі)
Қашаудай мықты тұмсығым,
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам. (Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай,
Төсі ақ сыр жаққандай,
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай (Қарлығаш)
Биікке салған ағаш үй
Сол гой оның мекені
Жаздай сайран салып ап,
Қыста алысқа кетеді. (Қараторғай)
Он екі айдың біреуі
Сірә, оның атында
Өзге ұяға із тастап,
Мен деп жар сап жүреді. (Көкек)
Оқушы шығармашылығы: Оқушылар өздері салған суреттерін қорғайды.
Ұйымдастыруыш: Бастауыш сынып мұғалімі Г.Т. Дуйсебекова