
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» атты әдеби- сазды кештің өткізілуі туралы анықтама 2015 ж. мамырдың 6-ы
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» атты әдеби- сазды кештің өткізілуі туралы анықтама 2015 ж. мамырдың 6-ы
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» атты әдеби- сазды кештің өткізілуі туралы анықтама
2015 ж. мамырдың 6-ы
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы– дей келе № 24 орта мектепте мамырдың 6-да Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» атты әдеби- сазды кеш өтті. Сахна мерекелік кешке байланысты безендірілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Свинаренко А.П. және директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Көшкімбаева А.С. құттықтау сөздерінде балаларды ардагерлерді құрметтеуге, бейбіт өмірді сақтауға, ата- ана ен Отанды сүюге шақырды.
Әдеби –сазды кеш барысында талантты оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетті. 9 сынып оқушысы Алхабек Айжан «Синий платочек», 4 сынып оқушылары Дария мен Әдемі «Катюша» әнін үздік орындап шықты. 10 сынып оқушылары өз бойларындағы актерлік қабілеттерін «Отан үшін отқа түс», «Соғыс қасіреті» тақырыбындағы көріністер арқылы көрсете білді. Ордабек Бекжан «Әкеме хат» монологын оқу барысында оқушылар мен ұстаздардың көзіне жас келді, себебі бұл соғыста қаншама әкелер оралмай кетті. 7 сынып оқушылары «Қазақстандықтар – соғыс батырлары» тақырыбында бейнеролик жасап, Кеңес Одағының қазақ батырлары туралы мәліметтермен таныстырды. Кеш соңында қатысушылар, оқушылар мен ұстаздар Ұлы Жеңіске құрмет білдіре отырып, «День Победы» әнін хормен орындады.