АТА-АНАЛАР Конференциясы болып өтті
Астана қаласы №64 мектеп лицейінде 16 мамыр күні «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында АТА-АНАЛАР Конференциясы болып өтті. Жиналыс барысын №64 мектеп-лицей директорының оқу ісі жөнінде орынбасары Г.А.Досмағанбетова ашып берді. Қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілі-ЕҰУ-ң оқытушысы Жанат Нұрбекова барлық ата-аналарды құттықтап, аталмыш іс-шараның маңыздылығы туралы айтты.

Жиналыстың мақсаты – ата-аналарға кез келген жағдайлардағы қиындықтарды сауатты жеңе білуге көмек бере алатын, қажетті білімдер мен шеберліктер беру. Жиналыстың міндеті - өзінің және баласының эмоционалдық жай-күйлерін реттеу, балалардың ҰБТ уақытында және одан кейін үрейленбей, сабырлылығын сақтауға көмек көрсете білуі үшін, ата-аналарға психологиялық құралдар беру.Бұл іс-шараға қатысу, әр ата-ана үшін мол пайда әкелетіндігіне және әр отбасының ауызбіршілігінің артуына, яғни бақытты болуға көмектесетіндігіне сөзсіз сенімдіміз.