
«Отбасы күні» аясында конференция өткізілді
2015 жылы 16 мамыр күні сағат 10.00-де Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Отбасы күні» аясында конференция өткізілді
2015 жылы 16 мамыр күні сағат 10.00-де Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Отбасы күні» аясында Білім және ғылым министрлігі мен «Отбасылық Тәрбиелеу Институтының» ұйымдастыруымен мектеп түлектерінің ата-аналарына «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференцияға қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының және қалалық білім басқармасының өкілдері, 11-сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға арналған негізгі психологиялық кеңестер мен ақпараттар айтылды, жадынамалар таратылды. Ата-аналар пікірлерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Комментариев нет
Просмотров: 523