«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында АТА-АНАЛАР Конференциясы өтті.
2015 жылдың 16 мамырында Халықаралық отбасы күні аясында кең көлемді Республикалық «Жасөспірімдердің ҰБТ тапсыру кезінде ата-аналарды психологиялық қолдау» акциясы шеңберінде мектеп-лицейде «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында АТА-АНАЛАР Конференциясы өтті. Конференцияны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қашаулиева Гульмира Көкталқызы ашып, ата-аналарға келген қонақтарды таныстырды.

Конференцияға қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілі Шакен Тұрар Саттарқызы ата-аналарды жауапты сәтте балаларының жанынан табылып, қолдау көрсетуге шақырды.
Қалалық білім басқармасының әдіскері Кенжеахметова Замзагуль Сеитовна ҚР Білім және ғылым вице-министрі Балықбаев Тахир Оспанұлының атынан құттықтау сөз оқып, ата-аналарға өз тілегін айтты.
Мектеп психологы Танысбаева Айдана Құсайынқызы ата-аналарға ҰБТ-ге дайындық отбасын ажыратпай, керісінше, оның ауызбірлігін күшейтіп, отбасында өзара түсіністік, өзара қолдау, құрмет пен сыйластық, сүйіспеншілік әлеуетінің артуы керек екенін атап өтті. Ата-аналарға жасөспірімнің өміріндегі әкенің, ананың рөлі туралы қысқаша бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар, жасөспірімнің ҰБТ дайындығы кезеңінде ата-аналардың мінез-құлықтарына қатысты ата-аналарға арналған негізгі психологиялық кеңестер келтірілген слайд-фильм ұсынылды.
|
|
|