
«Жеңіс туы желбіресін»
«Жеңіс туы желбіресін» атты Астана қаласындағы «Әскери полиция мамандарын даярлау» орталығының қатысуымен ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 жылдығына арналған кездесу болып өтті.
ДТІЖО Ысмайыл Ғалия Қыдырбайқызының ұйымдастыруымен «Жеңіс туы желбіресін» атты Астана қаласындағы «Әскери полиция мамандарын даярлау» орталығының қатысуымен ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 жылдығына арналған кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты: ОТАНЫН сүйуге, қадірлеп-қастерлеуге, жас буынның бойында азаматтық- патриоттық сезімді ояту, мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру. Кездесуге арнайы «Әскери полиция мамандарын даярлау» орталығының мамандары шақырылды.
1. «Әскери полиция мамандарын даярлау» орталығының бастығы
подполковник Спатаев Ербол Дәулетбақұлы.
2. Штаб бастығының орынбасары подполковник Жүнісалиев Бағдат
Қамытбекұлы .
3. Орталықтың оқу бөлімінің аға офицері полковник Іргебаев Серікхан
Байбесенұлы
4. Орталықтың оқу бөлімінің аға офицері майор Жорабаев Нұрлан
Құрамбайұлы
5. Орталықтың жауынгерлік және дене дайындық нұсқаушысы
сержант Тайманов Еркін Советұлы
Кездесуде әскери полиция мамандары мектеп бітіруші түлектеріне «Әскери полиция мамандарын даярлау» орталығының жұмысы мен әскери полиция мамандығы туралы айтып өтті. Атап айтқанда, Әскери полиция мамандарын даярлау орталығының бастығы подполковник Спатаев Ербол Дәулетбақұлы оқушыларға әскери полиция қызметінің мақсаты мен міндеттері және осы саланың ерекшеліктері туралы толық мағлұмат берді. Сонымен қатар, орталықтың оқу бөлімінің аға офицері полковник Іргебаев Серікхан Байбесенұлы жас түлектерге Әскери полицияның құрылымы туралы интерактивті тақта арқылы әңгімелеп берді. Кездесуде оқушылардың қызығушылығын тудырған Әскери полиция қызметкерлерінің қолданатын қару-жарақтары мен жабдықтарын таныстыру сәті болды. Оқушыларды Әскери полиция қызметкерлерінің қару-жарақтары мен арнайы киім формасы және оларды қолдану ерекшеліктерімен орталық бастығының орынбасары штаб бастығы подполковник Жүнісәлиев Бағдат Қамытбекұлы таныстырды.
Іс-шара барысында «Әскери полиция мамандарын даярлау» орталығы қызметкерлері оқушылардың әскери полиция мамандығы туралы қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Кездесуді №51 мектеп-гимназия директоры Дүйсенова Күнімхан Смағұлқызы қорытындылады. Ол өз сөзінде осындай іс-шаралардың оқушыларды отаншылдық рухта тәрбиелеуге және оларға кәсіби бағыт-бағдар беру ісіне сөзсіз оң ықпалын тигізетінін ерекше атап көрсетті және орталық қызметкерлеріне атқарып жатқан жұмыстарына табыс тілеп, алғысын білдірді.