Меню KDT

«Ұлттық жобадағы заманауи мектептке 10 жыл...»

«Мың бала» жобасы Астана қаласының №49 орта мектебінде 2008 жылдан бастап эксперименталды алаң ретінде жұмыс жасайды. Жобамен мектептің жұмыс жасауына алдымен мектептің қала ортасынан қашықтығы себеп болды. Оқушылардың орталықтағы түрлі мекемелерге  баруға мүмкіндігі жоқ. Оған себеп – оқушының әлеуметтік жағдайы, жолдың қала орталығынан алыстығы, ата-ананың күнұзақ жұмыста болуы


«Мың бала» жобасы Астана қаласының №49 орта мектебінде 2008 жылдан бастап эксперименталды алаң ретінде жұмыс жасайды. Жобамен мектептің жұмыс жасауына алдымен мектептің қала ортасынан қашықтығы себеп болды. Оқушылардың орталықтағы түрлі мекемелерге  баруға мүмкіндігі жоқ. Оған себеп – оқушының әлеуметтік жағдайы, жолдың қала орталығынан алыстығы, ата-ананың күнұзақ жұмыста болуы

Осындай әлеуметтік факторларды негізге ала отырып, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының директоры, ҚР білім беру ісінің үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты Құрманбаева Майра Жаноразқызы Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Мың бала» жобасын аталған мектепке енгізді.

Мектептің жаңа инновациялық бағыттағы «Мың бала» жобасының іс-тәжірибесін қала, республика көлеміндегі білім беру ұйымдарына насихаттау мақсатында 2015 жылдың 16 мамыр күні Астана қаласының №49 орта мектебінде «Ұлттық жобадағы заманауи мектепке 10 жыл» атты республикалық семинар өтті. Семинарға Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы,  Астана қаласы «Астана дарыны» ӨҒПО директоры М.Ж.Құрманбаева, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан  келген делегаттар қатысты.

            Семинардың алғашқы жұмысы мектептің бірініші қабатында жабдықталған «Мың бала» ғажайып әлемінде атты «Мың бала» жобасы бойынша эксперименталды қызмет тәжірибісінің көрмесімен басталды. Көрмеге «Мың бала» жобасымен жұмыс жасайтын «Қолөнер», «Жас сәулетшілер» бағыттарының жұмыстары қойылып, қонақтарға таныстырылды. №49 ортам мектеп директоры Джумартова Данара Мейранбекқызы семинарға қатысушыларға мектепте 7-нші жыл жүргізіліп отырған «Мың бала» жобасының басымдықтарын атап өтіп, семинар бағдарламасымен таныстырып өтті. Семинарды ашу құрметі Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Сенғазыев Қасымхан  Сенғазыұлына беріліп, «Мың бала» жобасының білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісіндегі тиімділігіне баса тоқталды.

            Семинардың «Ұлттық жобадағы мектепті басқару жаңашылдықтан болашаққа» бөлімінде мектептің жаңа бағыттағы оқу-тәрбие жұмыстарымен таныстыру мақсатында семинарға қатысушы қонақтарға мектептің әр қабатындағы көрмелер мен оқушылардың жұмыстары, жаңа үлгідегі кабинеттері таныстырылды. Мәселен, мектептің І қабатында «Жасыл ел» бағытының бұрышы, «Сәулетшілер» бұрышы, «Ұлттық қолөнер» көрмесі, ІІ қабатында «Жас суретшілер» бұрышы, ІІІ қабатында «Жұлдыздар» әлемі, «Спорт» бағыты, ІV қабатында «Сұңқар» жас жол инспекторлар бағыты,  «Геометрия» әлемі көрмесі жабдықталып, оқушылардың қолынан туындаған бұйымдары көпшілікті тәнті қылды. «Ұлттық таным» кабинетінде «Мәнерлеп оқу», «Этнопедагогика» кабинеті, «Ою-өрнек», «Ертегілер әлемі» бағыттарының жұмыстары насихатталды. Сонымен қатар, мектептің ІV қабатында «Білім-ғылым ордасы» орталығында «Жас физик», «Қызыты тәжірибелер» бағытының оқушылары  мен жетекшілері «Экспо 2017» халықаралық көрмесіне байланысты тәжірибе жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.

«Мың бала» жобасының авторы «Астана дарыны» өңірлік-ғылыми практикалық орталығының директоры Құрманбаева Майра Жаноразқызы «Мың бала» жобасы бойынша шебер-сынып таныстырылымын өткізді. Шебер-сыныптың соңында «Мың бала» жобасындағы әлеуметтік, классикалық, креативтік мақсаттары бойынша үш топқа бөлініп, тренинг жүргізілді. Семинардың соңында семинарға қатысушы мектеп директорлары мен қонақтар «Мың бала» жобасының тиімділігі туралы пікірлерін ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті.



        

        

        



Комментариев нет
Просмотров: 555
Автор: 49mektep
Сайт: www.49.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.05.2015 в 00:00