
Ата – аналар жиналысы
15 мамыр күні мектебімізде Астана қаласы колледждерінің қатысуымен ата – аналар жиналысы болып өтті. Жиналыстың мақсаты 9 сынып оқушыларының ата аналарымен қарым қатынас жасай отырып, оқушыларға кәсіп таңдауға көмек көрсету. Аталмыш жиналысқа Астана қаламыздың бірнеше колледждерінің өкілдері келіп, кәсіптік бағдар бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізді
15 мамыр күні мектебімізде Астана қаласы колледждерінің қатысуымен ата – аналар жиналысы болып өтті. Жиналыстың мақсаты 9 сынып оқушыларының ата аналарымен қарым қатынас жасай отырып, оқушыларға кәсіп таңдауға көмек көрсету. Аталмыш жиналысқа Астана қаламыздың бірнеше колледждерінің өкілдері келіп, кәсіптік бағдар бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Атап айтатын болсақ, М. Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және Коммуникациялық Академиясы Ақмола колледжінен Досман Сания Нағмедханқызы, Гуманитарлық колледжінен Алия Аскаровна, Менеджмент және Бизнес коллледжі, Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжінен Жібек Бірліковна, Көпбейінді колледжінен, Каржы Академиясының колледжінен, Энергетика және байланыс колледждерінен өкілдері келді. Жиналыс барысында ата–аналар өздеріне керекті мәліметтерді ала алды.