
11сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген конференция
Отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау мақсатында 16 мамыр күні сағат 10.00-де мектебіміздеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының тапсырысы бойынша 11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында АТА-АНАЛАР конференциясы өтілді. Конференцияда тренинг элементтерін енгізе отырып ата-аналарға кез келген жағдайлардағы қиындықтарды сауатты жеңе білуге көмек бере алатын қажетті білімдер мен шеберліктер берілді.
Конференцияға «Нұр Отан» партиясының атынан «Нұр Отан» партиясы Сарыарқа ауданы саяси кеңес мүшесі М.Ж. Абенов қатысып, жиналысқа қатысушы ата-аналарға құттықтау лебізін білдірді.
Отбасылық тәрбие саласындағы мемлекеттік біліктілікті арттыру бағдарламасының түлегі, психолог Ахметова Асият Бапановна ата-аналарға отбасылық тәрбие жөнінде бейнероликтер көрсетіп, слайд түрінде ата-аналарға арналған ережелермен таныстырды. Жиналыс соңында ата-аналарға алғыс білдіре отырып, ата-аналарға жаднама таратылды.



Комментариев нет
Просмотров: 507