Меню KDT

«Кемел келешек кілті - білімде» атты мектеп жұлдыздарын марапаттау рәсімі өтті.

Мектебімізде мектеп жұлдыздарын марапаттау рәсімі өтті.


Бірі үшін бәрі бірдей қиналған,
Кішіге ізет,үлкендерді сыйлаған.
Осындай оқушылар бар бізде
Өнерлілер, дарындылар жиналған.

Мектебіміздің туын биіктен желбіретіп жүрген  ұстаздарымыз бен  «Білім патшалары », «Өнер жұлдыздары», «Спорт саңлақтарын» марапаттау рәсімі өтті. Мектеп директоры Сыздыкова Базаркүл Сағындыққызы және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қашаева Айгүл Оңдағанқызы мектеп жұлдыздарын марапаттады.

Мектебіміздегі барлық дарынды балаларды бір үйдің балаларындай еткен ең бірінші Жаратқанның ісі болса, екіншісі - аяулы ұстаздардың арқасы.

Мектеп деген – киелі ұғым, ғажап ат.
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған
Түлеп ұшты талай – талай азамат.


Комментариев нет
Просмотров: 758
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 23.05.2015 в 00:00