
Соңғы қоңырау
№3 мектептің түлектерін құттықтауға ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Бердiбек Сапарбаев келді. Ол оқушыларға Ұлттық бiрыңғай тестiлеуді сәтті тапсыруларын тіледі.
Соңғы қоңырау 2015 жылғы түлектер үшін қаланың ескі мектептерінің бірі №3 мектеп-гимназиясында соғылды. Мектеп өз шежіресін 1940 жылдан бастап жүргізіп келеді.
Бүгінгі күні бұл заманауи оқу орнында үш эксперименттік алаң қызмет етуде: 12-жылдық оқу, ағылшын және француз тілдерін ерте үйрену, e-learning электрондық оқу. Биылғы түлектер арасында – пәндік олимпиадаларының жүлдегерлері, ғылыми жобаларға қытысушылар, спорт жарыстары және музықалық байқаулардың жеңімпаздары бар. Мектептегі саптүзеуде олар кейінгі оқушылар буынына символикалық білім кілтін тапсырды.
Бірінші сынып оқушылары келе жатқан емтихан сынағы туралы әзілдеп: «Пушкин, Толстой және Мыстан кемпірдің өзі де, ХХІ алып ғасырда ҰБТ тапсыру керек екенін білген жоқ» деді және аға буынға сәттілік тіледі. Балдырғандар қол шапалақтаумен барлық ересектерге мектептен шыққандарын естеріне түсірді: «Сендер де біздей бірінші сынып оқушылары болдындар, министр де бірінші сыныпқа барған».
Айтылған сөзді құптап, еліміздің вице-министрі Бердібек Сапарбаев оқушыларға өз жылы сөздерін жолдады: «Бірнеше күннен кейін сендер өмірлеріндегі ең алғашқы маңызды емтихандарынды тапсырасындар. Сендерге сәттілік тілеймін! Барлығы сендердің қолдарында. Туған астаналық мектептерінің түлек атағын әрі қарай да жоғары ұстандар».
Мектеп директоры Елена Шеверняева есейген балаларына қазақ тілінде жылы тілегін білдірді. Түлектердің орындалуындағы қоштасу мектеп вальсі мерекенің шарықтау шегі болды. Аспанға көгершіндер мен әуе шарлары көтерілді, ал соңғы қоңырауды кішкентай паровоз алтын балалық шақ жылдарымен бірге біржола алып кетті.
Енді түлектерді ҰБТ күтіп тұр. Тестілеу астана бойынша 2-6 маусым аралығында өтеді.





