
Сыңғырла, күміс қоңырау
25 мамыр 2015 ж сағат 10.00-де №52 мектеп -гимназиясында Сыңғырла, күміс қоңырау! 1,10,11 сыныптарға арналған соңғы қоңырау салтанатты мерекесі өтті. Жиынға мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты.
25 мамыр 2015 ж сағат 10.00-де №52 мектеп -гимназиясында Сыңғырла, күміс қоңырау! 1,10,11 сыныптарға арналған соңғы қоңырау салтанатты мерекесі өтті. Жиынға мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Мектеп - гимназия директоры Ұ. Байтасова түлектерді құттықтап, ақ жол тіледі.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған. Шаршаса да осы жолдың бойында, Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.
Иә, егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!
![]() |
"Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты — осы» - деген Жүсіпбек Аймауытов сөзі бүгінгі мектеп алдына қойып отырған міндеттерге жетелейді.
![]() |
Жас бүлдіршіндер: «Сәт сапар, жас түлек!»
Әзірлеген: Л. Аппазова