
"Ұстаз деген ерен тұлға елдегі,Шәкіртімен ақталады еңбегі"
Құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген ардақты ардагер ұстаздарымыздың бірі Даненова Күлзейнеп апай.
Бүгін сіздің туған күніңіз – төл мерекеңіз, қуанышыңыз. Біз сізді зейнеткерлік жасқа толған мерекеңізбен құттықтаймыз!"Ұстаз деген ерен тұлға елдегі,
Шәкіртімен ақталады еңбегі"
«Ұстаз» атты ұлы есім қашанда кісілік келбеті жоғары сан мыңдаған шәкірттерге үлгі - өнеге, білім - тәрбие беретін, ізгілік нәрін төгетін ерен еңбектің иелері. Қай қоғамда да ұстаз құрметті орындардың төрінен табылады. Осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген ардақты ардагер ұстаздарымыздың бірі Даненова Күлзейнеп апай.
Шәкірттерін азамат қып саналы,
Ұстаз ана, ұстаз дана болады.
Ең бастысы – ұстаз мына өмірде,
Ұлағат боп, ұлылық боп қалады.
Құтты болсын 58 жасыңыз,
Жақсылық пен қуаныштан тасыңыз!
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Әлі талай асулардан асыңыз!
Деніңіз сау, аман болып басыңыз,
Тек жоғары домаласын тасыңыз!
Ел-жұртыңның ортасында аман-сау,
Күліп-ойнап, жүзге келсін жасыңыз.
№55 орта мектеп ұжымы.
Комментариев нет
Просмотров: 707