Меню KDT

«Қош бол! Кездескенше, мектебім!»

2014-2015 оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілген «Қош бол! Кездескенше, мектебім!»
атты 5-7 сынып оқушыларына өтгізілді.


2014-2015 оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілген «Қош бол! Кездескенше, мектебім!» атты 5-7 сынып оқушыларына өтгізілді.

       2015 жылдың  мамыр айының 23 жұлдызында мектебіміздің ІІ ауысымының «Қош бол! Кездескенше, мектебім!» атты 5-7 сыныптарға өткізілген соңғы қоңырау соғу салтанатты жиыны жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өтті. Жауаптылар: Г.А.Жупкалиева /ДТІЖО/,    Н.М.Әлайдарова    / тәлімгер/ , Н.Нұрсеітов / педагог-ұйымдастырушы/. Жиынды жүргізушілер:

музыка пәні мұғалімдері – А.Мыңжасарқызы, М.Шынжанов.

Соңғы қоңырау салтанаты ІІ ауысым оқушыларына әр буынға бөлек өткізілді:

  1. Сағат 14.00-де 5 сыныптарға;
  2. Сағат 15.00-де 6 сыныптарға;
  3. Сағат 16.00-де 7 сыныптарға.

     Жиында ІІ ауысым бойынша директордың оқу ісі орынбасары А.Ж.Сағындықова құттықтау сөзін сөйлеп, жыл бойы оқуды үздік оқыған оқушыларға мадақтама қағаздарын табыс етті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Жупкалиева жыл бойы үздік жұмыс жасап, оқушылары түрлі салада жоғары көрсеткіштер көрсеткен сынып жетекшілер «Алғыс хатпен» марапатталды. Олар:

     1.      5 «А» сынып жетекшісі – А.Б.Битемір;

     2.      5 «Ә» сынып жетекшісі – Б.Т.Қожахметова;

     3.       5 «Г» сынып жетекшісі – Д.Рамазанова;

     4.       6 «А» сынып жетекшісі – И.Ж.Муратова;

     5.       6 «Ә» сынып жетекшісі – А.З.Атеева;

     6.       6 «В» сынып жетекшісі – К.М.Сарсенова;

     7.       7 «А» сынып жетекшісі – З.Т.Акишева;

     8.       7 «Ә» сынып жетекшісі – Б.А.Мананбаева;

     9.       7 «Г» сынып жетекшісі – М.Садық;

  1.     7 «В» сынып жетекшісі – М.Досымова.

      Жиынға салтанатты түрде ту енгізіліп, ҚР мемлекеттік гимні шырқалды. Сынып жетекшілер мен ата-аналарға сөз берілді. Әр буында өткен салтанатты жиынның концерттік бағдарламасы өзгеше өтті. 6-7 сыныптардан, жеке вокал орындаушылар, «Кәусәр» би тобы, 5 сыныптардан «Әзір-Әзіл» КВН тобы және басқалары өнерлерін сахнадан көрсетті.  Қоғамдық жұмысқа белсенді араласқан оқушылар «Алғыс хатпен» марапатталда. Жиын соңында оқушылар «Жазғы флешмоб» акциясын ұйымдастырып, түгел биледі. Жиынымыз көңіді де әсерлі өтті.


Комментариев нет
Просмотров: 545
Автор: 51mektep
Сайт: www.51.astana-bilim.kz
Добавлено: 25.05.2015 в 00:00