
7-мамыр күніне орай мектепішілік іс-шарасы өтті.
2014-2015 оқу жылында Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясында
7-мамыр күніне орай мектепішілік іс-шарасы өтті.
7- мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясында 2014-2015 оқу жылында жұмысқа қабылданған педагог әйел қызметкерлердің ұйымдастыруымен мектепішілік ерлерді мерекемен құттықтау іс-шарасы өтті.
Концерт 3 бөлімнен тұрды. 1-бөлім Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналды. Аталған бөлім «Бейбітшілік сақталады» атты композициямен ашылды. Композиция идеясының авторы Әмина Төлегенқызы болды. Жүргізушілердің бейбітшілікке апарар жол мен оның зардаптары, сонымен қатар балалары мен ерлерінен айырылған аналардың қаһармандығы туралы сөздерімен қатар, «Бейбітшілік сақталады», «Ақ көгершін», «Ана туралы баллада» әндері шырқалып, елі үшін жанын қиған солдат монументіне гүл қою рәсімі көрсетіліп, метроном дыбысының қосылуымен бір минут үнсіздік жарияланды. Хорға қатысқан ұжым бірыңғай киімде шығып, қолдарындағы көгершін, лента, қалампыр гүлдерімен қимылдар жасау арқылы көрермендер жүрегінде үлкен әсер қалдырды.
Бұдан соң Мұңсыз Садыққызы өзінің әкесі Ұлы Отан соғысының ардагері жазған «Майданнан хат» өлеңін оқыды. Осы уақытта экраннан мұғалімнің «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» авторлық бейнефильм презентациясы көрсетілді. Айгерім Қонысбайқызы «Чтобы стать мужчиной» өлеңін оқыды. Мұғалімдерден құралған оркестр сүйемелдеуімен қазақ және орыс тілдерінде тақырыптық әндер шырқалды. Мария Қанатқызының жетекшілігімен дайындалған «Катюша» биі орындалды.
2- бөлім толығымен ерлерге арналды. Бұл бөлімде ер мұғалімдер туралы шығарылған әзіл әндер айтылды, олар көпшіліктің көңілін көтерді. Сонымен қатар әзілдік көріністер қойылды. Онда Р.Утегенова, А.Оразова, Ш.Алшынбаева, Г.Бимұратова, Ж.Төлепбекова, Л.Орақовалар ойнады. М.Ажарбаева, К.Ауезова, Г.Мұханбеджанова, С.Шарипова, Г.Бимұратовалардың қатысуымен қазақ биі орындалды. Бұдан басқа эстрадалық әндер де шырқалды. Осы орайда халық әндерін айтып, өнер көрсеткен «Әжелер ансамблі» де әсерлі шықты.
3- бөлімде мектеп директоры К.Смағұлқызы ер азаматтарды құттықтап, бірқатар мұғалімдерді алғыс хаттарымен марапаттады. Кәсіподақ ұйымының дайындаған сыйлықтары табысталды.
Мектеп басшысының құттықтау сөзінен соң әсем әуен ойнап, қызықты іс-шара вальспен аяқталды.
Р.О.Шахатова, Қ.Д.Смайылова, М.Садықтардың ұйымдастыруымен өткен іс-шара . эстетикалық талғамға сай , мазмұнды және қызықты өтті.