
8-10 сыныптар арасында өткен «Татулық достықтың киелі бесігі» атты мерекелік сайыстың өту барысы туралы
1 мамыр – Қазақстан халықтарының достығы мен бірлігі күніне орай
8-10 сыныптар арасында өткен
«Татулық достықтың киелі бесігі» атты мерекелік сайыстың өту барысы туралы
2015 жылдың 30 сәуірінде мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының достығы мен бірлігі күніне орай 8-10 сыныптар арасында өткен «Татулық достықтың киелі бесігі» атты мерекелік сайысы өтті. Сайысты ұйымдастырып, басқарып жүргізген І ауысым «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары.
Сайысқа қатысқан әр сынып Қазақстанда татулықпен өмір кешіп жатқан 9 ұлт өкілдерінің тобын құрап шықты: 10 «А» -корей ұлты, 10 «Ә» - қазақ ұлты, 10 «Б» - украин ұлты, 10 «В» - өзбек ұлты, 10 «Г» - орыс ұлты . Балалар аталған сайысқа зор жауапкершілікпен, тынғылықты дайындықпен келді. Сайыс шарты бойынша:
1. «Сәлемдесу»;
2. «Ұлттық ән»;
3. «Ұлттық би»;
4. «Ұлттық дәстүр»;
5. «Ұлттық тағам»;
6. «Ұлттық костюм» сайысы.
«Ұлттық би» сайысында Өзбек ұлты бишілері «Андижан полькасын», ал мен шешен ұлты бишілері «Шешен лизгинкасын» тамаша биледі. Қазақ ұлты тобы түрлі ұлттық ойындардан көріністер көрсетті.
«Ұлттық дәстүр» сайысында шешен халқы мен украин халқының қыз ұзату дәстүрлері қызықты өтті.
«Ұлттық тағам» сайысында өзбек ұлтының, орыс ұлтының және корей ұлтының дастарханы ерекше болды.
«Ұлттық костюм» сайысында барлық топтардың дайындығы жоғары деңгейде болды. Балалардың киімдері өте әдемі, түрлі түсті, ұлттық ерекшеліктеріне сай.
«Татулық достықтың киелі бесігі» атты мерекелік сайысының мақсаты оқушы жүрегінде татулықты, ынтымақты, халықтар арасындағы достыққа дәнекер бола білуге ұмтылыс пен толеранттық сезімді ұялату, бейбіт өмірді қадірлеп сақтай жүруге тәрбиелеу.