Меню KDT

№ 58 мектеп - гимназияда салтанатты жиыны өткізілді


    25 мамыр күні жылдағы дәстүр бойынша қасиетті білім ордасында бас қосатын соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы. Биылғы соңғы қоңырау мерекесі де тарихи оқиғаларға  толы тұста өтті:
Бұл жыл - Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өткен жыл.
Бұл жыл - Қазақ хандығына  550 жыл толуымен ерекшеленеді.
Бұл жыл -  Қазақстан халықтарының ассамблеясының 20 жылдығы .
Бұл жыл – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кезектен тыс сайлаудан өтіп, Президенттікке қайта сайланған жылы.
    Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 43 түлегі  салтанатты жиын күні балалықтың бал дәурені, оқушылық өмірмен қоштасып, үлкен өмірге қанат қақпақ. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасты. Салтанатты жиынның алғашқы шымылдығын мектебіміздің директоры Алма Қайрбулатқызы ыстық лебізге толы құттықтау сөзімен ашты. 2014-2015 оқу жылындағы мектебіміздің толағай табыстары мен жетістіктерін айта келіп, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол, сәт сапар тіледі. Сонымен қатар, салтанатты жиынға келген қонақтар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі, Заң департаментінің директоры  - Рамазанов Ильяс Ұқтайұлы, Құрмет белгі ордені, Ы.Алтынсарин төс белгі иегері, мәдениет қайраткері, ақын, сазгер - Оспан Сүлейменов  және Астана қаласы Білім басқармасының өкілі Ахметова Асият Бапанқызы түлектерді құттықтап, сәттілік тіледі. Мектеп есігін тұңғыш ашқан 1-сынып бүлдіршіндерінің құттықтау сөзінен кейін қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан , шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектер сөз алып, ұстаздарына  шәкірттік шексіз алғыстарын білдіріп, гүл шоғырларын ұсынды. Мектебіміздің мақтанышы 11 «А» сынып оқушысы өзінің ізбасары 10 «А» сынып оқушысы Жұмақан Асыланға білім кілтін тапсырды. Мектептің ең соңғы әуені, қоңыраудың әсем сазы естілетін соңғы қоңырау соғу салтанатынан кейін түлектер әдемі мектеп вальсін биледі.
    Салтанатты жиынның 2-бөлімі «Бәйтерек» монументінің алаңында қалалық іс-шарамен жалғасын тапты.





Комментариев нет
Просмотров: 811
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 26.05.2015 в 00:00