«Алжир» мұражайынан алған әсерім
2015 жылдың 28 мамыр күні Астана қаласының оқушылары Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында орналасқан «Алжир» мұражайына барып қайтты. 5 мектептен 100 оқушы мен ұстаздар қатысты. Бұл іс-шара №48 мектеп лицейі ұжымының ұйымдастыруымен митинг өткізілді. Митингке Астана қаласы Білім басқармасының орынбасары Қ.С.Сенғазиев, №48 мектеп лицейі басшысы З.Ж.Садыкова қатысып, еске алу күнінің маңызы туралы және осындай оқиға қайталанбау маңыздылығына тоқталып өтті.

Митингтен кейін естелік қабырғасына оқушылар мен ұстаздар гүл шоқтарын қойды. Мұражай ішіндегі кинозалында «Дольше жизни» атты видеофильм көрсетілді.
Қатысушылар мұражай қызметкерлеріне өткізген іс-шаралар мен алған мәліметтерден үлкен әсерде кетті.
«Алжир» мұражайынан алған әсерім
2015 жылдың 28 мамыр күні тарихи білімімізді, Отанға құрметімізді, ата-бабаларымыздың көрген қасіреттерін танып, білу үшін қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» мемориалдық кешеніне бардық. Бұл мемориалдық кешен қасиетті де қасіретті орын. Бару мақсатымыз болашақ ұрпаққа апа- әжелеріміздің бастан кешірген сұрапыл, қасіретті, азаппен өткен күндері ұмыт қалмай мәңгі әр оқушының жадында қалуы. Мемориалды аралау барысында сол сұрапыл 1938 жылдардағы бастан кешірілген көз алдымыздан өткендей сезілді. Ана мен баланың махаббатын айырған, жарынан жырақта жүрген апа- әжелеріміздің сол кезеңдегі киген киімдерін, жазған хаттарын, асыл бұйымдарын, тұрмыс тіршілігін көзімізбен көріп, жүректі дүр сілкіндірді.
Ата-бабаларымыздың бізге нәсіп еткен бейбіт, тәуелсіз, ынтымағы еліміздің мерейі арта берсін. Ата-бабаларымыздың ерліктері мәңгі ұран болып қалсын!