Меню KDT

1 маусым -Балаларды қорғау күні

Балаларды қорғау күні жаздың алғашқы айы – 1 маусым  келіп жетті. Барлық балалар осы мейрамды жақсы көреді және асыға күтеді, олар мейрамның терең маңызы мен мәнін түсіне қоймағанмен, асыға күткен жазғы демалыс күндерінің басталғанын күтеді. Жазғы сауықтыру лагерінің алғашқы күні балаларға жақсы көңіл күй сыйлауға тырыстық. Бүгін Астана саябағына серуендеуге шықтық. Балалардың барлығы небір атракциондарды тамашалап, асфальтқа сурет салудан шеберлігін көрсете білді. Саябақ ұйымдастырушылары балаларымызға тегін бояу түрлерін таратып, жақсы көңілмен оралдық.


Балаларды қорғау күні жаздың алғашқы айы  – 1 маусым келіп жетті. Барлық балалар осы мейрамды жақсы көреді және асыға күтеді, олар мейрамның терең маңызы мен мәнін түсіне қоймағанмен, асыға күткен жазғы демалыс күндерінің басталғанын күтеді. Бұл ежелгі халықаралық мейрамдардың бірі.Осы күннің басты мақсаты – планетамыздың ең кішкентай тұрғындарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, өйткені оларды ренжіту және қауіп төндіру оңай. Балалар әлемнің барлық елінде қайғы-қасіретке душар болады, сондықтан қоғамның осы мәселені қарастыруы және балаларды ересектердің қателігінен қорғап қалуы өте маңызды. Өсіп келе жатқан ұрпақтың дамуына және рухани ағартушылығына қолдау көрсету керек, сонымен бірге олардың өмірін жарқын және қызықты ету керек. Қызықты концерттік бағдарламалар, әдеттен тыс көрмелер, танымдық іс-шаралар осы мейрамның бағдарламасында болады. Мейрамның басты кейіпкерлері әрине балалар болады, олар Балаларды қорғау күніне құттықтаулар қабылдайды және барынша көңіл көтереді.


Комментариев нет
Просмотров: 359
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 02.06.2015 в 00:18