Меню KDT

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

2015 жылы 25 мамыр күні сағат 10.00-де «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтті.


2015 жылы 25 мамыр күні сағат 10.00-де «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. Жиынға Астана қаласы Білім басқармасының әдіскерлері Зәмзәгүл Сейітқызы Кенжеахметова, Аида Серікқызы Меңдібаева қатысты. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Базаркүл Сағындыққызына берілді. Гимназиямызды тек «5-тік» бағамен аяқтап, «Алтын белгіге» үміткер  республикалық олимпиада жүлдегерлері, «Білім патшалары», «Өнер жұлдыздары», «Спорт саңлақтары» ортаға шақырылды. Жиынды жыршы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Эльмира Жаңабергенова «Қазақстан» атты әнімен ашты.
  Білім кілтін тапсыру рәсімін оқу озаты,  «Алтын белгіге» үміткер түлек  Әбдуәлі Айданаға, ал Білім кілтін қабылдап алу міндеті 10 сынып оқушысы, оқу озаты Жагипарова Қаламқасқа тапсырылды.
Соңғы қоңырау соғу рәсімі  11 сынып оқушылары, «Алтын белгі» үміткерлері Балтабай Райхан мен Молдағали Бейімбетке және 1сыныптың озат оқушылары Қашаева Томирис пен Тілеуқабыл Нурикамалға берілді.
Мектеп түлектеріне алдағы үлкен сынақтан сүрінбей өтулеріне тілектеспіз.

АҚ ЖОЛ, МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР!
 


Комментариев нет
Просмотров: 508
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 25.05.2015 в 00:00