Меню KDT

Құлақтан кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!

«Соңғы қоңыраудың» мектеп өмірінде алатын орны ерекше. Бұл мерекеде түлектер балалық шақтарымен, алтын ұя мектептерімен және он бір жыл бойы тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымен қоштасады.Міне,мектеп бітірушілердің шеруі басталды. Биыл аталмыш мектептен 32 түлек түлеп ұшпақ.


«Соңғы қоңыраудың» мектеп өмірінде алатын орны ерекше. Бұл мерекеде түлектер балалық шақтарымен, алтын ұя мектептерімен және он бір жыл бойы тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымен қоштасады.Міне,мектеп бітірушілердің шеруі басталды. Биыл аталмыш мектептен 32 түлек түлеп ұшпақ. Олардың қатарында Алтын белгіден, үздік аттестатциядан үміткер, Мәскеу қаласында өткен  Халықаралық сайыстың сертификат иегеріРоманов Еламан. Сондай-ақ, спорт сайыстарының, сан түрлібайқаулардың жүлдегерлерібар. 

Соңғы қоңырау өткен оқу жылын тұжырымдап, болашақты бағамдайтын сәт. Осыдан 11 жыл бұрын табалдырығын тарыдай болып аттаған жас бүлдіршін бүгін білімді, тәрбиелі, жан-жақты азамат, азаматша болып, үлкен өмірге қанат қағып бара жатыр.

   Ортаға салтанатты түрде түлектер шақырылып,  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтерілді. Туды көтеру құқығы оқу екпіндісі Құсаинов Дамир мен ----Санияға бұйырды. Туымыз аспанда желбіреп, гимн орындалды.


         

        

«2014-2015 оқу жылының аяқталуы туралы» мектеп директорының бұйрығымен таныстыру үшін сөз директордың оқу ісінің орынбасары Сералина Динагүл Нәбиқызына берілді. Биылғы жылғы оқуды үздік аяқтаған 1 мен 10 сынып аралығындағы оқушыларға «Үздік» оқығаны үшін мақтау қағазын табыс етті. Дәл солай, мектеп директоры Джумартова Данара Мейрамбекқызы спорттан, қолөнерінен, биден, әннен т.б іс-шараларға белсене қатысқан оқушыларда тыс қалмады. Биылғы жылы Ұлттық Дельфийлік ойындары бағдарламасы бойынша  «Шаттық»-2015 қалалық байқауына қатысып, жүлделі орын иегерлерін алғыс хатпен марапаттады.

         

        


Комментариев нет
Просмотров: 388
Автор: 49mektep
Сайт: www.49.astana-bilim.kz
Добавлено: 25.05.2015 в 00:00