Меню KDT

Тұңғыш президент мұражайына саяхат

     2015 жылдың 2 маусым күні белгіленген жоспар бойынша Тұңғыш Президент мұржайына саяхат жасалды. Мұражай қызметкерлері балаларды топ-топқа бөліп, таныстыруға алып кетті


2015 жылдың 2 маусым күні белгіленген жоспар бойынша Тұңғыш Президент мұржайына саяхат жасалды. Мұражай қызметкерлері балаларды топ-топқа бөліп, таныстыруға алып кетті. Оқушылар мұражайда елбасының жұмыс бөлмесі мен қажетті ресми іс-қағаздарға қол қойған қаламын және шет елден келген қонақтармен келісім жасаған орнымен танысты. Алтын адамды өз көздерімен көріп, сұрақтарын қойды.  Елбасының  тамақтанған орнын, мәжіліс залымен де танысты. Қазақ елінің тарихымен және өзге ұлттардың сенім –нанымдарын, олардың елбасына сыйлаған сыйлықтарын тамашалады. Атақты спортшыларымыздың  жеңістерімен де танысты. Балалар мұражайдың әсемділігіне таңдана қарап,  лебіздерін білдірді.

         

         


Комментариев нет
Просмотров: 393
Автор: 49mektep
Сайт: www.49.astana-bilim.kz
Добавлено: 02.06.2015 в 00:00