Меню KDT

Шуақты мамыр күні естілді күміс қоңырау үні

Кең байтақ Қазақ елінің барлық мектептері сияқты дәстүрлі күміс қоңырау біздің мектепте де соғылды.

143 түлек биік армандарға  қанат қағар алдында он бір жыл бойы құлақтарына сіңген сүйкімді үнді естіп толқыса, 2000 – ға жуық оқушы сыныптан сыныпқа өтіп, өздерінің де, ата – аналарының да мерейлерін өсірді. Соңғы қоңырау соғу салтанатына Білім басқармасынан  Адинаева Кания Кураловна қатысып, айтулы күннің еркешелігіне тоқталды. 


Кең байтақ Қазақ елінің барлық мектептері сияқты дәстүрлі күміс қоңырау біздің мектепте де соғылды.

143 түлек биік армандарға  қанат қағар алдында он бір жыл бойы құлақтарына сіңген сүйкімді үнді естіп толқыса, 2000 – ға жуық оқушы сыныптан сыныпқа өтіп, өздерінің де, ата – аналарының да мерейлерін өсірді. Соңғы қоңырау соғу салтанатына Білім басқармасынан  Адинаева Кания Кураловна қатысып, айтулы күннің еркешелігіне тоқталды. Үстіміздегі жылы мектеп бітірушілердің 119–ы  ҰБТ-ға  қатысуға тілек білдіріп отыр. «Алтын белгіге» үміткерлер саны -15. Бұл туралы мектеп директоры  Садыкова Зәуре Жақанқызы айта келіп, мектеп мұғалімдерінің жыл бойы сапалы жұмыс істегенін, ұрпаққа білім беріп қана қоймай  тәрбие үйретудегі тәжірибелерін  таратып жүргеніне тоқталды.

         Рейтинг бойынша «Үздік сынып жетекшісі» номинациясына 11 ұстаз иеленді .

         Нағыз жүрек тебірентерлік сәт «Соңғы қоңырау соғу» рәсімін 11 сынып оқушылары Халықаралық ғылыми жоба сайысының жүлдегерлері Әбдімүтәліп Жәнібек пен «Алтын белгі» белгісінен үміткер Қуандықова Диана және 1 – сынып оқушылары, оқу үздіктері Сайлау Әмина мен Құдабай Әділхан орындады.

                                  Мектеп қайта есігін ашпас енді,

Өмір – ұстаз, ақылды, ақшаш өңді.

  Басқаша енді үйретер  бар сабағын,

 Қоңыраулар соғылар басқаша енді –

деген жүргізушілер сөзі әр түлектің құлағында қалып, жүректерін толқытқан сөзсіз....




Комментариев нет
Просмотров: 516
Автор: 48mektep
Сайт: 48mektep.edu.kz
Добавлено: 04.06.2015 в 16:27