Меню KDT

Рәміздер күні

04.06.15ж   Бұл күн Рәміздер күні. Бұл күні лагерь балалары таңғы жаттығудан кейін жиынымыздың ашылу салтанатын  әнұранмен бастадық. Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін сисволикалық айырым  белгілері. Бүгінгі лагерь 3 бөлімнен тұрады. 1.Таңғы салтанатты жиын 2.Тетар кезегі 3.Сулар бөлімі.


Рәміздер күні.
04.06.15ж   Бұл күн Рәміздер күні. Бұл күні лагерь балалары таңғы жаттығудан кейін жиынымыздың ашылу салтанатын  әнұранмен бастадық.  Мемлекеттік Рәміздер
 – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады.  Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібіКонституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
 Бүгінгі лагерь 3 бөлімнен тұрады. 1.Таңғы салтанатты жиын 2 . Тетар кезегі 3 . Сулар бөлімі.
Лагердің осы күні әр топ жетекшілері топпен тәрбие сағатын өткізе білді. 09:30 да басталған 45  минуттық тәрбие сағатында оқушыларға рәміздердің шығу тарихы, авторлары туралы қысқаша мәлімет беріп, тақпақ, өлеңдерімен жалғастырды. Салтанатты жиын сағат 10:15те аяқталды. Келесі кезек Өнер театрының қойылымындағы "Тапқыр тышқан" атты қойылымды тамашаладық.Қойылым достық қарым -қатынас туралы. Және де кейіпкерлер балалармен ойындар ойната білді. Қойылым сағат 11:30 да аяқталып болған соң лагерь балаларлымен "сулар" бөліміне кезек бердік. Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Құсабаев Серік балалар және  тәрбиешілермен бірге су атқылап, эстафеталық ойындар ойната білді. Эстафеталық жарыстар балаларға көңілді күй сыйлады. Қазақтың ұлттық ойыны арқан тартыста 4 топ екіге бөлініп "Солнышко" және "Гүлдер" тобы жеңіске жетті. Су кезегі балалар үшін ыстық күнде қолайлы болғаны анық. Су атқыштармен атқыласып жатқан әр баланың жүзінде күлкі ұялады. Үйге қайтар уақытында балалармен асфальтқа сурет салу тапсырмасы берілді. Онда 6-8 жас балалар белгілі бір тақырып берілмесе де Отан деген тақырыпқа сай салды. Себебі салынған суретке қарасаңыз киіз үй,ошақ, жайлау, ұшып бара жатқан құс бейнесі, тау,үй жануарлары, Астананың көрнекті жерлерін бейнеленген. Әр баланың салған суретіне қарап Отанына деген сүйіспеншілігінің атқанын байқауға болатынын білдік.Лагерь демалысының әр күні қуанышқа толы күн болды.


Комментариев нет
Просмотров: 453
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.06.2015 в 01:21