Меню KDT

Ғалам күні

Лагердің әр күні бір-біріне ұқсамайтын шаттыққа толы болуда. Бүгінгі күн " Ғалам күні" деп аталады. Себебі біз оқушылар сарайындағы ғаламшар әлемін екі жарым сағат бойы саяхаттадық. Саяхат 3 бөлімнен тұрды.
1. Ғаламшар тамашалау 2. Би билеу 3.Аспан әлемінен келген робот туралы ертегі тамашалау.


Ғалам күні
Лагердің әр күні бір-біріне ұқсамайтын шаттыққа толы болуда. Бүгінгі күн "Ғалам күні" деп аталады. Себебі біз оқушылар сарайындағы ғаламшар әлемін екі жарым сағат бойы саяхаттадық. Саяхат 3 бөлімнен тұрды.
1. Ғаламшар тамашалау 2. Би билеу 3.Аспан әлемінен келген робот туралы ертегі тамашалау. Балалар 1 -бөлім бойынша әдемі аспан әлемін тамашалады. Орындықтардың бәрі арнайы жатуға ыңғайланып қойылғандықтан және де арнайы массаж жастықтарына да жатып көрді. Балалар үшін жерде жатып аспан әлемін тамашалау өте қызықты болды. Төбеден көрінген бұл көрініс су асты табиғаты болды. 2-бөлім бойынша оқушылар сарайы би мұғалімі оқушыларға би элементтерін үйрете білді. 3-бөлім бойынша жастар театрында "Аспан әлемінен келген робот" атты ертегіні тамашалады. Ертегі орыс және қазақ тілінде аралас болды. Ертегі кейіпкерлері робот атын таба алмай балалардың есімдерін  аралап жүріп айтқыза білді. Бұл балалар үшін өте қызықты болды. Әр бала сахнаға шығып өз есімдерін айқайлай айта бастады. Ертегі шынайы әлемге жетеледі. Және де тәрбиелік мәні бар достыққа шақырды. Бұл ертегі қорытындысында достық жеңіске жетті. Бүгінгі 2 жарым сағаттық алтын уақыт балалар үшін физикалық және моральдық жағынан да жақсы әсер қалдырды. Лагерь уақытысынан үйге қайту кезеңдерінде балалардан кері байланыс алынып алынды. Жазған жазуларынан бүгінгі күн есте қаларлықтай көңілді әрі қызықты күн болғанын байқадық


Комментариев нет
Просмотров: 452
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.06.2015 в 23:36