Меню KDT

Күншуақты жаз лагерінің I- маусымы аяқталды.

"Алақай,жаз келді!" деп қуанған баланың  лагердегі 10 күндік уақытын артқа тастадық. Мектеп жанынан ашылған жазғы лагерьді қаланы аралаумен, балалардың жүрегінен орын таба білумен, көңілді ойындармен аяқтадық. Мектеп жанынан ашылған лагерьдің әр күнін тиімді өткізуге тырыстық.  Мектеп директоры Казмуханбетова Жанат Талғатқызы лагерьдегі балалар үшін арнайы автобус бөліп берді. Арнайы автобуспен балалар күн ыстықта өздерін  жайлы сезінді.


"Алақай,жаз келді!" деп қуанған баланың  лагердегі 10 күндік уақыты бүгін аяқталды. Мектеп жанынан ашылған жазғы лагерьді қаланы аралаумен, балалардың жүрегінен орын таба білумен, көңілді ойындармен аяқтадық. Мектеп жанынан ашылған лагерьдің әр күнін тиімді өткізуге тырыстық.  Мектеп директоры Казмуханбетова Жанат Талғатқызы лагерьдегі балалар үшін арнайы автобус бөліп берді. Арнайы автобуспен балалар күн ыстықта өздерін  жайлы сезінді. Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Ойындар арасында мектеп медбикесі, мектеп психологы, кітапханашы, аға тәлімгер және дене шынықтыру мұғалімдері ат салысты. Мектеп медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді, мектеп психологы оқушыларды тест, әңгімелесу және ойын арқылы балаларды бақылады, мектеп кітапханашысы оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілерді оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулыды. Мектептің аға тәлімгері оқушылармен таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әртүрлі сайыстар жүргізіп отырды. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс – шаралар жүргізді. Күнделікті таңғы жаттығу флэшмоб музыкалармен билеуден бастайды.Балаларға таңғы жаттығудан көрі таңғы жақсы ән мен би көңілдерін көтеріп отырды.


Комментариев нет
Просмотров: 486
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.06.2015 в 23:43