Меню KDT

Бақытты балалық шақ және бала еңбегін қанауға қарсы 12 күрес күніне орай жүргізілген жұмыстар

"Бақытты балалық шақ және бала еңбегін қанауға қарсы 12 күрес" атты бала еңбегін қанауға қарсы арнайы жоспар құрылып, аталған жоспарға сай жұмыстар жүргізілді. 


Бақытты балалық шақ және бала еңбегін қанауға қарсы 12 күрес күніне орай жүргізілген жұмыстар

Жұмыс атаулары

Өткізетін мұғалімдер

Қатысқан бала саны

Болатын жері және күні

1

Бақытты балалық шақ және бала еңбегін қанауға қарсы 12 күрес

Темирова Д.М

120

 

2

Балаларды қорғау күніне арналған «Күншуақты  жаз» атты лагердің ашылуы на мерекелік өңіл күй сыйлау

Тулегенова Д.

100

Астаналық саябақ

3

«Шуақты Астана» атты мерекелік іс шараға қатысу

Лагерь балалары

100

Минфин

алаңы 01.06.2015

4

«Біз бақытты баламыз» атты асфальтта сурет салу байқауы

Лагерь балалары

100

Мектеп алаңы 01.06.2015

5

Бақытты балалық шақ және бала еңбегін қанауға қарсы 12 күрес туралы ақпараттандыру

Темирова Д.М

100

 

6

 Жас жеткіншектерге Психологиялық теренинг

Демеуова М

100

 

7

«Балалар  еңбегін қанау қатаң қадағаланады»

атты бейнефильм тамашалау

Лагерь балалары

100

 

8

«Бала  құқығы» атты көрме

Кітапханашы Маденова С.Ш

 

 

9

«Біз бақытты баламыз» атты мектепішілік флэшмоб

1-5 сынып лагерь балалары

100

 

10

Бала еңбегінің қаналуына жол бермейік

Бейсембаева Ғ.Ф

100

 

11

Менің жазғы демалыста  жұмыс істегім келеді. Егер  жұмыс істесем, ол үшін мені жазаға тартады ма?»  Психологиялық тренинг

Психолог Демеуова М.

100

 

12

Бала құқығын қорғауда ата-ананың  ролі

Темирова Д.М және мектеп инспекторы

100

 

13

«Бала еңбегін пайдалануға қарсымыз» атты дөңгелек үстел

Абишова Ф.Р

80

 

14

Ө ткізілген іс- шара қорытындысы

Темирова Д.М

100

 

01.06.2015ж.Балаларды қорғау күні жаздың алғашқы айы  – 1 маусым келіп жетті. Барлық балалар осы мейрамды жақсы көреді және асыға күтеді, олар мейрамның терең маңызы мен мәнін түсіне қоймағанмен, асыға күткен жазғы демалыс күндерінің басталғанын күтеді. Бұл ежелгі халықаралық мейрамдардың бірі.Осы күннің басты мақсаты – планетамыздың ең кішкентай тұрғындарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, өйткені оларды ренжіту және қауіп төндіру оңай. Балалар әлемнің барлық елінде қайғы-қасіретке душар болады, сондықтан қоғамның осы мәселені қарастыруы және балаларды ересектердің қателігінен қорғап қалуы өте маңызды. Өсіп келе жатқан ұрпақтың дамуына және рухани ағартушылығына қолдау көрсету керек, сонымен бірге олардың өмірін жарқын және қызықты ету керек. Қызықты концерттік бағдарламалар, әдеттен тыс көрмелер, танымдық іс-шаралар осы мейрамның бағдарламасында болады. Мейрамның басты кейіпкерлері әрине балалар болады, олар Балаларды қорғау күніне құттықтаулар қабылдайды және барынша көңіл көтереді. Осындай әсем де әдемі күні балаларымызды  Астана саябағына және Мин фин жанынан ашылған «Шуақты көктем» атты концерттерге апарып қайттық.Оқушылар  тек концерт тамашалап қана қоймай асфальтқа сурет салу байқаларына қатысты. Аттракциондарда тегін ойнап көңілдері марқайып қайтты.

17 пункт.«Біз бақытты баламыз» атты балаларға асфальтқа сурет салу тапсырмасын ұйымдастырылды.. Онда 6-10  жас балалар белгілі бір тақырып      берілмесе де Отан деген тақырыпқа сай салды. Себебі салынған суретке қарасаңыз киіз үй,ошақ, жайлау, ұшып бара жатқан құс бейнесі, тау,үй жануарлары, Астананың көрнекті жерлерін бейнеленген. Әр баланың салған суретіне қарап Отанына деген сүйіспеншілігінің атқанын байқауға болатынын білдік.Лагерь демалысының әр күні қуанышқа толы күн болды.

6 пункт. Бақытты балалық шақ және бала еңбегін қанауға қарсы 12 күрес туралы ақпараттандыру. Бала құқығы дегеніміз не? деген тақырыпта балалармен әңгімелесті.

9 пункт  «Біз бақытты баламыз» атты флэшмоб биі

Мұнда жас ұлан ұйымы мектеп  оқушыларымен  мектеп алдына сап  түзеп флешмоб ұйымдастырды. Флэшмобқа жалпы мектеп оқушылары шақырылды.

Тақырыбы: Бала еңбегінің қаналуына жол бермейік

Мақсаты:

-                    Балалар мен ата-аналарды және ересектерді қоғамда кездесіп отырған балаларға қатысты еңбек ауыр түрлерінің зияны мен салдары туралы  түсінік беру, талқылау.

-                    Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау қабілеттінің белсенділігін арттыру.  Заң  сыйлайтын  тұлғаны қалыптастыру.

Барысы:

Сынып сағатын бастамас бұрын оқушыларға  «Күше қыз» ертегіден үзінден көрсетіледі.

Оқушыларға проблемалық сауалдар қойылады. Өгей шешесінің іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

«Күлше қыз» кеіпкерінің қандай құқығы бұзылды?

«Күлше қыздың» шешесіне не айтар едіңдер?

 

 

Балаларды топқа бөліп отырғызып, әртүрлі сұрақтар арқылы  Күлше қыз ертегісін толықтай мәлімдеді.  Бұл сабақ балаларға қатты ұнады. Кері байланыс жазу барысында байқалды.

 

15 пункт

Тақырыбы: «Бала еңбегін пайдалануға қарсымыз» атты дөңгелек үстел «Бейкүнә сәби ашты дүние есігін Азан айтып бердік оған есімін Ол пәк болып келген бізге нәресте Ойла, ендеше, адал болып өсуін»

Мақсаты: Заңсыз кәмелет жасына толмаған балалардың еңбегін қанау туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие беру. Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, Егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті. - Көптеген адамдар санасында «Құқық» ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланыстырады. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек.

Осыған орай  ғылыми әдістер жөніндегі орынбасар Абишова Фарида Рахымқызы және мектеп инспекторы «Бала еңбегін пайдалануға қарсымыз» атты дөңгелек үстелөткізді. Бұл дөңгелек үстелге 8-10 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заңнамаларға тоқталып өтті.12,24 бабы.  Абишова  Фарида Рахымқызы ата-ана, оқушы,мұғалім деп арнайы  топтастырды. Дөңгелек үстел «жаман қылықтан арылайық» атты тренингпен басталды.  Мектеп инспекторы баяндамасын оқымас бұрын  топтарға мынадай сұрақ қоя білді. Мұғалімдер тобына: «Бала құқығы дегеніміз не?» ата-аналар тобына: «Балалар неге жұмыс істемеуі керек?» оқушылар тобына  «Менің жазғы демалыста  жұмыс істегім келеді. Егер  жұмыс істесем, ол үшін мені жазаға тартады ма?»  деген сұрақтар қою арқылы пікірін тыңдап, қойған сұрақтарына жауап беріп отырды.  Оқушылар мен   ата-аналар берілген әртүрлі жағдаяттардың шешімдерін көрініс ретінде қоя білді .

Әрбір істің бала таппас шешімін Жаза беріп, айта көрме кесімін Байқаусызда балалығын жасап - ап Ағат басса, бергін оған кешірім.  Яғни, бала еңбегін заңсыз қолдана алмайтынымыз анық болды. Ендеше аялайық, балалардың сіздерге қамқорлық жасауын мақтан тұтайық!

Лагерь балаларымен аталған жоспарға сай "Бала еңбегін қанау қатаң қадағаланады" атты бейнефильм тамашаладық. Неліктен балалар оқуын тастап жұмыс істейді? Және осының салдарынан жұмыс берушілер қалай пайда тауып жүр? деген сұрақтар арқылы пікірталас қалыптасты. "Бұғаудағы балалық шақ" атты бейнефильм үзіндісі балаларға жақсы әсер қалдырды. 10-16 жас балалардың мектеп жасында оқуын тастап еңбек етулері білімнің таяздығынан деп түсінді балалар. Әрбір істің бала таппас шешімін  Жаза беріп, айта көрме кесімін  Байқаусызда балалығын жасап - ап, Ағат басса, бергін оған кешірім.Яғни, бала еңбегін заңсыз қолдана алмайтынымыз анық болды. Ендеше аялайық, балалардың сіздерге қамқорлық жасауын мақтан тұтайық!






Комментариев нет
Просмотров: 1109
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.06.2015 в 02:41