
Астана қаласы бойынша білім беру саласы дамуының мәселелері және олардың шешілу жолдары
2015 жылғы 11 маусым күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы қалалық Комитетінің ұйымдастыруымен «Астана қаласы бойынша білім беру саласы дамуының мәселелері және олардың шешілу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2015 жылғы 11 маусым күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы қалалық Комитетінің ұйымдастыруымен «Астана қаласы бойынша білім беру саласы дамуының мәселелері және олардың шешілу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің бағдарламасында жоғары білім беру саласы, техникалық және кәсіптік білім беру, орта мектептің өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жоспарланған болатын. Жұмыс барысында «Туран-профи» халықаралық кәсіптік академиясының ректоры М.Е. Омаров, №34 орта мектеп директорының ҒӘЖ бойынша орынбасары Т.Т. Жакилина осы мәселелер бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК директорының ОӘЖ бойынша орынбасары Хасенова Слушаш Елеусизовна «Кәсіптік – техникалық білім беру мәселелері шешім таба ала ма?» тақырыбында сөз сөйледі. Ол ТжКББ саласының өзекті мәселелерін қозғап, атап өтті, оның ішінде колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуы, колледждердің материалдық-техникалық камтамасыздандырулары, біліктіліктері жоғары арнайы пәндер мен өндірістік оқыту шеберлерінің тапшылығы, колледж оқытушылары еңбекақыларының мәселесі, оқу процесін қажетті заманауи оқулықтарымен қамтамасыздандырудың қажеттілігі және т.б. өзекті мәселелер қозғады.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары осы мәселелер бойынша өз пікірлерін ортаға салып, талқылады.