
«Білім берудің құндылығы және заманауи оқулық» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру және ғылым саласындағы бақылау бойынша комитеті және Республикалық «Оқулық» ғылыми-тәжірибелік орталығы бірлесіп 2015 жылдың 18 маусымында Астана қ. «НұрОрда» мектебінің базасында «Білім берудің құндылығы және заманауи оқулық» тақырыбына Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру және ғылым саласындағы бақылау бойынша комитеті және Республикалық «Оқулық» ғылыми-тәжірибелік орталығы бірлесіп 2015 жылдың 18 маусымында Астана қ. «НұрОрда» мектебінің базасында «Білім берудің құндылығы және заманауи оқулық» тақырыбына Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференция мақсаты заманауи білім беру құндылықтары мен оларды оқулықтарда бейнелеу жолдарын анықтауды талқылау.
Конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, республикалық ведомствоға қарасты ұйымдар, Астана және Алматы қалаларының білім беру және ғылым саласындағы бақылау бойынша комитеттің өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқутышылық құрамы, мектеп мұғалімдері, сарапшылар, оқулықтар авторлары, қазақстандаық және шетелдік басылымдар өкілдері (Ресей Федерациясы, Великобритания, Греция) қатысты. Ю.Гуров атындағы № 6 гимназиядан оқу әдістемелік кешендердің сарапшылары ретінде бастауыш сынып мұғалімдері В.А.Халиулина мен Л.Ю.Соловьева сөйледі.
Конференция барысында оқулықтанудың өзекті мәселелері бойынша, әзірлемелерді жетілдіру, сараптама, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер даярлау бойынша, «Стандарт – оқу бағдарламалары – оқулық – оқу үрдісі – жеке тұлға» сабақтастығының алгоритмін сақтау бойынша, білім беру құндылықтарының мазмұнына «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын енгізу туралы сұхбат орын алды.
Жұмыс қорытындысы бойынша конференцияға қатысушылар мынандай ұсыныстар жасады:
- мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың сабақтастығын қамтамасыз ету механизмін, оқу бағдарламаларын, қарастыру,«Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын құндылықтарының құрауыштарының мектеп оқулықтарының мазмұнына кіріктіруді ескеріп қарастыру;
- «Мәңгілік ел» Ұлттық құндылықтарын енгізіп, білім берудің мазмұнын
- оқу әдебиетін жаңартуды ескеріп сапасын бағалаудың шарттарын жетілдіру;
- оқулықтар авторларының біліктілігін арттыру бойынша жұмыс ұйымдастыру, авторлық ұжымдарды қалыптастыру процедурасын жетілдіру;
- оқулықтарды пәннің толық циклы бойынша білім беру деңгейлері бойынша басып шығаруға кезеңмен өтуді қамтамсыз ету;
- авторлардың шығарған оқулықтарын, оқу бағдарламаларының мазмұнын стандарт талаптарына сай көпшілік алдында қорғауын қамтамасыз ету.