Рахмет, Сізге, Мектеп! Рахмет, Сізге, Ұстаз!
Маусым айының 15-ші жұлдызы күні 9-сыныптардың негізгі мектеп бітіру кеші болды.
Араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздарымызға жүйрік уақыт орталау білім алғандығы жөнінде 166 куәлік берді.
Мектеп - қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасат пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы.

Тыңдаған көңілдегі толғамымды,
Шыңдаған тәрбием мен талғамымды.
Өмірдің маған сыйы деп білемін,
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды,
- деп толғаныста тұрған оқушыларды мектеп-лицей директоры, ҚР Білім беру ісінің үздігі және құрметті қызметкер Садыкова Зәуре Жақанқызы құттықтау сөз сөйледі.
Кеш жүргізушілері 9-шы сынып жетекшілері: Байтасова Панзангүл, Смағұлова Назгүл, Абуева Айзада, Жүсіпова Аида, Тлеубердиева Роза, Дүкенова Балдырғанды ақтілек айтуға шақырды.
Осы бір қуанышты сәт:
Асқан сайын өмір-жолдың өткелін,
Жастық шағың – сағындырар көктемің.
Тілекші боп тұрады ылғи анаңдай,
Алыстағы алтын ұя мектебің...-
деген жүргізушінің қоңыр үнімен аяқталды.