Меню KDT

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша өткізілген республикалық ауызша командалық олимпиада

Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясында Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша командалық олимпиада өткізілді


2015 оқу жылының 15 мамыр  күні Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясында Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы ҚР КҒА ұйымдастыруымен өткізілген  республикалық  15-ші ауызша командалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қала мектептері және республика бойынша басқа да қала мектептері бойынша барлығы 67 топ қатысты. Соның ішінде біздің мектептен, яғни Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясынан,  былтырғы оқу жылында бас жүлде алған 6б сынып оқушыларынан бір команда 5 оқушы интелектуалды ойынға қатысты. Бастауыш сыныптардан 1б, ә, 3г сыныбы, ортаңғы буыннан 5б, в, 6б сыныбынан 2 топ, барлығы 8 топ қатысты. 1 сынып оқушылары 4 пән бойынша қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика және дүниетану сабақтарынан, 3 сынып қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану сабақтарынан, 5 сыныптар қазақ тілі, әдебиет, математика, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен, 6 сынып оқушылары қазақ тілі, әдебиет, математика, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география, биология пәндерінен, яғни оқушылар 8 пәннен қатысты және интелектуалды ойынға қатысқан топтар өте жақсы нәтиже көрсетті.Олимпиада барысында қала мектептерінің ұйымдаструымен тәжірибе алмасу мақсатында көрме жасалды. Көрмеде оқушылар портфолиосы, шығармашылық ұжымдардың талдау үлгілері, оқушылардың үлгілі дәптерлері, сабақ көріністерінен альбом суреттері және интелектуалды ойынға қатысатын оқушылардың  ұлттық мектеп жобасы қойылды.  Барлық қатысқан топтарда бірінші дәрежелі диплом және бас жүлдені иеленді. Яғни, 1ә, б, 3г, 5в, 6б 1,2 топтары 1-ші  дәрежелі дипломмен 5б , 6б  сыныптарынан келген топтар бас жүлде алды. Барлық қатысқан оқушылар жеке-жеке мақтау қағаздарымен марапатталып, осы технологияның 15 жылдығына байланысты барлық оқушылар медальдармен марапатталды. Сонымен бірге пән мұғалімдері де жеке-жеке аталып, мақтау қағаздарымен және бірнеше мұғалімдер құрмет грамотасымен марапатталды. Олимпиада  соңында  барлық  жан-жақтан келген  мұғалімдермен қала мектептерінің және Алматы қаласы Абай атындағы Ұлттық университетінің аға оқытушыларының қатысуымен бірге конференция өтті. Конференцияда осы технология бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан мұғалімдер жеткен жетістіктерімен бірге жұмыс барысында кездескен кедергілер, қиындықтарды ортаға салып талқылады. Сонымен бірге биылғы оқу жылдың демалыс күндері бірнеше мұғалімдер, яғни орыс тілі, ағылшын тілі, математика пәндері бойынша осы технология бойынша әдістемелік құралдар жазуды жоспарлап отыр. Болашақта бұл технологияның бала бақшадан бастап оқушылардың жүйелі де терең білім алуына, әрбір жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, сонымен бірге Елбасының үш тұғырлы тіл бағдарламасын  жүзеге асыру барысында қосар үлесі зор деген үміттеміз.


Комментариев нет
Просмотров: 575
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.06.2015 в 00:00