Меню KDT

Сәт сапар, ХХІ ғасыр түлектері, аттанған туған елді түлеткелі!

 Мектебімізде түлектеріміз көптен күткен қуанышты, жүрек шымырлатар қимас кезеңі, он бір жылғы төккен терінің жемісі, он бір жыл бойы білімінің белгісі – орта мектепті бітіру аттестатын алды.


Сәт сапар, ХХІ ғасыр түлектері, аттанған туған елді түлеткелі!

   Мектебімізде түлектеріміз көптен күткен қуанышты, жүрек шымырлатар қимас кезеңі, он бір жылғы төккен терінің жемісі, он бір жыл бойы білімінің белгісі – орта мектепті бітіру аттестатын алды.

   Биылғы оқу жылы білім ордамыз және аяулы түлектеріміз үшін толағай жемісті жыл болды. Себебі, 10 «Алтын белгі» үміткері өз мәртебелерін сыннан сүрінбей өтіп, сәтті қорғап, мектебіміздің туын көкке желбіретіп, мерейін асқақтата түсті.

    Салтанатты кеш «Алтын белгі» иегерлері Қайроллаев Аспандияр, Ахметова Камилә, Балхия Лейла, Рахматулла Самал, Сағымова Майя, Сархытбек Айым, Тұрсымбаева Гүлбахыт, Фархат Әнель, Мергенбаева Малика, Хамиджан Мединаға аттестатты салтанатты түрде табыстаудан  басталды. 

   Мектеп директоры Айтжан Ермұханқызы сөз алып, түлектерге, ұстаздарға өзінің жүрек жарды ыстық лебіздерін жолдап, құттықтауын арнады.

   Барлық мектеп бітіруші түлектерді  өлең шумақтарын арнау арқылы салтанатты түрде  аттестат қолдарына табысталды.

   Түлектердің жүздерінде қуаныш пен қимастық сезімі көрініп, жүректері лүпілдеп, ұстаздарына шоқ гүлдерін ұсынып, алғыстарын білдіріп жатты.

   «Алтын белгі» иегері Хамиджан Медина түлектердің атынан сөз алып, достарына Ақ жол тілеп, ұстаздары мен ата-аналарына алғысын білдірді.

    Мектебіміздің жарық жұлдызы, ерекше дауысымен танылған әнші қызымыз Нәсір Айзере өзінің «Ұстазым» әнін арнап, бір серпілтіп тастады.

   Сынып жетекшілер атынан 11 «А» сынып жетекшісі Темиргалиева Меруерт Мүтәнқызы құттықтау сөз сөйлеп, шәкірттеріне қимастық сезімін білдіріп, келешекке кемел жол сілтеді.

    Ата – аналар атынан аяулы шәкіртіміз Фархат Анельдің әжесі, білім саласының ардагері Рана Сариевна сөз алып, ұстаздарға алғысын білдіріп, ән шашуын ұсынды.

   Кеш соңында түлектер он бір жыл бойы білім алған мектебін, бірге өскен достарын, аяулы ұстаздарын қимай-қимай  қоштасып  жатты.

  Бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміз шексіз бақытты ұрпақтың бірі. Себебі түлектеріміз еңселі елордамыздың төріндегі білім ордасын тәмамдап, үлкен өмір айдынына қанат қаққалы тұр. Түлектеріміз болашақта елордамыздың көркейіп, гүлдену жолында аянбай еңбек етіп, үлестерін қосады деген сеніміміз мол.

     Ендеше, түлектерге Ақ жол тілейміз. Болашақтары жарқын болсын!!!


Комментариев нет
Просмотров: 963
Автор: 66mektep
Сайт: www.66.astana-bilim.kz
Добавлено: 23.06.2015 в 00:00