
Жазғы «Радуга» лагерінің ауысымының жабылуы
12 маусымда біздің лагеріміздің І ауысымы жабылды.
12 маусымда біздің лагеріміздің І ауысымы жабылды. Осы күні біз «Қазынаны тап» ойынын ойнадық. Балалар қазынаны табу үшін үзінділерге бөлінген сызба нұсқаны құрастыру керек, яғни аялдамаларда өз шеберліктерін көрсету керек болды: ән айту, қазақ халқының дәстүрін білу, өздерінің ептілігін көрсетіп, жұмбақтардың шешімін табу керек болды. Сызбанұсқаны толығымен жинап болған соң біз барлығымыз қадамдадық, секірдік, соңында – өзіміздің тәтті сыйлығымызды таптық. Осы қуанышты көңіл-күймен бассейнге шомылуға бардық. Күн өте ыстық еді, сондықтан бассейн таптырмайтын құрал болды. Соңына қарай мерекелік концерт болып, онда әрбір жасақ өз өнерлерін ортаға салды. Көп балалар келесі ауысымға да келуге ұсыныс жасады.