
Сыңғырла, күміс қоңырау!
Алтын шапақ шашыратып көгінен,
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен,
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкірттерін шаттандырып сеніммен, -
деп басталған жүргізушілер сөзі әр жүректі толқытады. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғындармен бірге сыңғырлаған қоңырау үні табысып отыр.
Алтын шапақ шашыратып көгінен,
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен,
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкірттерін шаттандырып сеніммен, -
деп басталған жүргізушілер сөзі әр жүректі толқытады. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғындармен бірге сыңғырлаған қоңырау үні табысып отыр.
2015 жыл тарихқа ҚР Тәуелсіздігінің 24 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы болып енді. Ата Заңымызға 20 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, Қазақ хандығына 550 жыл т.с.с. Осындай тарихи айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін ерекше болды. Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.
Мектептегі білім сапасының басты көрсеткіштерінің бірі – бұл мектеп түлектерінің ҰБТ-дегі көрсеткен білім деңгейі. ҰБТ-ден мектебіміз жақсы көрсеткіш танытып, қаламыздағы үздіктер санынан табылды. Жаңа оқу жылы да сәтті болатынына мектеп әкімшілігі сенеді.
1-қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиын сәтті аяқталды. Жиын қонақтары:
1. Баттал Роза Мұхамеджанқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектепалды және орта мектеп департаментінің бас сарапшысы.
2. Нұғман Ақмоншақ Нұртазақызы – Білім басқармасының әдіскері -
-өз лебіздерін білдіріп оқушыларды құттықтады.

