
Қазақ халқының ерлік істері!!
Мәңгілік Еліміздің іргетасын нықтап қалап, ұлы даламызды аманат етіп тапсырған аты аңызға
Қазақ халқының ерлік істері
Мәңгілік Еліміздің іргетасын нықтап қалап, ұлы даламызды аманат етіп тапсырған аты аңызға айналған батырларымызға, бейбіт күндегі ерлік жасап жүрген ерлерімізге мың тағзым!!! Міне, осы орайда мектебімізде «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбы аясында ұйымдастырылған Ерлік сабағы өтті.
Бұл жиынға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Мұхтаров Талғат Сәбитұлы келіп, өзінің құттықтау сөзі мен ерлік тақырыбына байланысты дәрісін оқыды. Оқушылар жарыса сұрақ қойды. Талғат Сәбитұлының ерлік туралы дәрісі оқушыларға қанат бітіріп, елінің патриоты ретінде жігерлендіре түсті.
Экраннан Еліміздің Қарулы күштері туралы бейнеролик көрсетілді.
6-сынып оқушылары Бауыржан Момышұлының рухына тағзым ете отырып, жыр шумақтарын арнады.
Ерлік-елге мұра, ұрпаққа – үлгі. Ұлы дархан даламыздың, қаны қайсар қазағымның батырлары көп болғай. Елдігіміздің беріктігі мұқалмасын, бірлігіміз берік болсын.