Меню KDT

1 қыркүйек - Білім күніне арналған мерекелік іс-шаралар

1 қыркүйек - Білім күні салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты жиын сағат 10.00-де басталды. Жиынға  1-9-10-11 сыныптардан 859 оқушы, 98 мұғалім қатысты.


1 қыркүйек - Білім күні салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты жиын сағат 10.00-де басталды. Жиынға  1-9-10-11 сыныптардан 859 оқушы, 98 мұғалім қатысты. Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиынға мектеп табалдырығын алғаш аттаушы бүлдіршіндер және сынып жетекшілері құрметпен ортаға шақырылды. 1- сынып оқушылары орындарына келіп тұрған соң, жиынға көк байрағымыз ту енгізіліп, мемлекеттік әнұранмен ашылды. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директорына берілді. Құттықтау сөз айтылған соң, «Ертеңіне сенемін» әні орындалды. Салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы Астана қаласы Білім басқармасының ғылыми-әдістемелік  жұмыстар жөніндегі әдіскері Каскабаева Роза Қасымқызы қатысып, құттықтады. Білім күніне белгіленген «Мәңгілік ел:бір ел- бір тағдыр» тақырыбында барлық 9-10-11 сыныптар аралығында  ашық тәрбие сағаттары өткізілді. 1- 4 сыныптарда «Менің Отаным - Қазақстан», 5-8 сыныптарда «Қазақ халқының ерен ерліктері». 2015 жылғы 1 қыркүйекте Білім күніне арналған республикалық бейбітшілік және келісім сабағын өткізу ұсынылды. Оқушыларға Мемлекеттік  Рәміздер   жайлы мағлұмат берілді. Оқушылардың шығармашылықтарын арттыру, Отан сүйгіштікке және патриоттыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойып, барлық сыныптар эстетикалық талғамға сай көрнекіліктер пайдалану арқылы өте мағыналы тәрбие сағаттарын өткізді. Биылғы жыл – Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл толуына орай, Конституцияның баптарымен таныстыруды сабақ барысында жүзеге асырды. Сонымен қатар әр сыныпта әнұран мен патриоттық әндер орындалды.   Мерекеге орай жаппай өткізілген бұл мерекелік іс-шараларға техникалық құрал-жабдықтар да пайдаланылды. Әр сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясындағы берілген негізгі құқықтармен таныстырып, Заң түсініктері туралы мағлұмат берілді.  Бұл өткізілген іс-шаралар сынып жетекшілер бірлестік отырысында қаралып, жетістіктер мен кемшіліктер талқыланды.


Мектеп директоры:  Б.С.Сыздықова
Ұйымдастырушы: А.С.Шаяхметова


Комментариев нет
Просмотров: 883
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 01.09.2015 в 00:00