
«Сыңғырла , күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиын мемлекеттік туды енгізілуімен және мемлекеттік гимннің орындалуымен басталды. . Бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күні - "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбына арналады.
Салтанатты жиын мемлекеттік туды енгізілуімен және мемлекеттік гимннің орындалуымен басталды. . Бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күні - "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбына арналады. Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы, Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл мерекелері білім күнін өткізудің негіздемелері болып табылады.
Білім күнінің мақсаты- қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтар- тәуелсіздік, бейбітшілік және келісімді нығайту болып табылады.
Мектеп директоры Қасымбек Ж.Б құттыктау сөздерін жолдады. Жамал Базарқұлқызы өз сөзінде барша оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдер мен қатысушы қонақтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Салтанатты жиынның құрметті қонақтары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі орта білім беру және ақпараттық технологиялар бөлімі директордың орынбасары Маусымбаева Айнур Толкынқызы, мектеп-лицейдің ардагер ұстазы Байпақбаева Меңкамал Иманбекқызы, № 38 мектеп-лицейінің ата-аналар кеңесінің төрайымы Жарқынбаева Қанаш Төлеуқызы, қатысты.
1-сынып оқушылары өлеңдерін оқып, алғашқы қоңырау соғу құрметі 11- сынып оқушысы, оқу озаты Битибаев Елдар мен мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 -сынып оқушысы Есенова Маликаға табысталды.
1-11 сынып оқушыларына алғашқы білім сабақтары жалғасын тапты. Білім сабақтарында барлық 1-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын сыйға таратылды.
|
|
Комментариев нет
Просмотров: 830