
«Мәңгілік ел:бір ел- бір тағдыр» тақырыбында ашық тәрбие сағаты
Білім күніне белгіленген «Мәңгілік ел:бір ел- бір тағдыр» тақырыбында барлық сыныптар аралығында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Білім күніне белгіленген «Мәңгілік ел:бір ел- бір тағдыр» тақырыбында барлық сыныптар аралығында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. 1- 4 сыныптарда «Менің Отаным - Қазақстан».
2015 жылғы 1 қыркүйекте Білім күніне арналған республикалық бейбітшілік және келісім сабағын өткізу ұсынылды. Оқушыларға Мемлекеттік Рәміздер жайлы мағлұмат берілді. Оқушылардың шығармашылықтарын арттыру, Отан сүйгіштікке және патриоттыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойып, барлық сыныптар эстетикалық талғамға сай көрнекіліктер пайдалану арқылы өте мағыналы тәрбие сағаттарын өткізді. Биылғы жыл – Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл толуына орай, Конституцияның баптарымен таныстыруды сабақ барысында жүзеге асырды. Сонымен қатар әр сыныпта әнұран мен патриоттық әндер орындалды. Мерекеге орай жаппай өткізілген бұл мерекелік іс-шараларға техникалық құрал-жабдықтар да пайдаланылды. Әр сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясындағы берілген негізгі құқықтармен таныстырып, Заң түсініктері туралы мағлұмат берілді.
Комментариев нет
Просмотров: 552