
1 Қыркүйек-Білім күні
1 қыркүйек Білім күніне арналған алғашқы қоңырау соғылды. Биылғы Білім күні Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына бағытталады. Ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.
Биылғы 2015-2016 оқу жылында №15 мектеп-лицей оқушыларына
1 қыркүйек Білім күніне арналған алғашқы қоңырау соғылды. Биылғы Білім күні Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына бағытталады. Ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.
«Алғашқы қоңырау» мерекесіне келген қонақтар:
1.Астана қаласы маслихатының депудаты, АҚ «Медициналық Астана Университеті» ректоры - Шайдаров Мажит Зейнуллович.
2.Ұлы педагог, білім саласының үздік еңбек ардагері - Гаркалов Анатолий Гаврилович
3. Білім саласының үздік қызметкері - Олькина Хафиза Өлкенқызы.
Қонақтар ата-аналарға, ұстаздар мен оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ақ жол тіледі.
№15 мектеп-лицей директоры Жаркенов Бауыржан Қапарұлы өз құттықтауында биылғы оқу жылының ерекшелігіне тоқтала келіп, ата-аналарды, ұстаздарды, оқушыларды Ата Заң күнімен және бүгінгі Білім күнімен және мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді құттықтап, қадамдарына сәттілік тіледі.

Мектебіміздің жас бүлдіршіндері мектепке, ұстаздарға, Отанға арналған тақпақтарын айттып білім күнімен құттықтады және де 11 сынып оқушылары атыннан тақпақ айтқан бүлдіршіндерге сыйлықтар табыс етілді.
Елбасы Н. Назарбаев мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндері құттықтап, өз атыннан берген сыйлықтарды келген қонақтар табыс етті.

Мектеп оқушылары қонақтарға, ата-аналарға, ұстаздарға өз өнерлерін көрсетті. Оқушылардың бірі би билеп, бірі ән айтты.

11сынып оқушылары бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, «Білім кілтін» табыс етті.
Жас бүлдіршіндерге лента кесіліп, ақ жол тілеп, алғашқы сабаққа шығарып салды.


Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымыздың соңы «Менің - Отаным Қазақстан» атты алғашқы сабаққа ұласты.

7 «В» сынып оқушылары Әскери теңіз күштерінің қызметкері Айдәулет кездесіп, патриот тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
