
Денсаулық күніне орай өткізілген іс шаралар
Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында денсаулық күніне орай іс шаралар жалғасын табуда. Бастауыш сыныптар арасында "Толағай" отбасылық сайысы болып өтті.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен басталды (әнұранды орындау)
1. үй тапсырмасы
шарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 - 5 минут, өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету;
2 тур. Кім жүйрік?
Шарты: Кедергілерден өтіп, қаппен жүгіру, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
3 тур « мергендер» сайысы
Шарты: Кедергілерден доппен өтіп барып,«Шарды жару»,
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
4 тур «Кім епті?
Кедергілерден жүріп, бір үлкен қасық суды алып төкпей әкелу керек
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
5 тур «Картоп егіп кел де, жинап ал»
Шарты: Ойыншылардың алдында 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді, 4 - ойыншы жинайды, Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алып, әділқазыларға береді де, ойын аяқталады.
6 тур «көпірлерден өту»
Шарты: әр топқа екі картон қағазды беріп, сонымен жүріп өтіп, берілген тапсырманы орындау, яғни мақал - мәтелді жалғастыру
7 тур «Кенгуру» Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз үлкен батут доптың үстіне отырып секіру арқылы ойын залының арғы бұрышына жетіп қайта оралу. Бұнда алдымен екі топ, келесі екі топ, сосын жеңген топтар бір - бірімен жарысады.
Әділ - қазылар алқасы, бағаларыңыз!
8 тур «капитандар сайысы»
( топ басшыларын шақырып алып отырып - тұрып, тез - тез таблица айтқызу)