
«Денсаулық – 2015» фестивалі
Қазақстанда «Тәні саудың – жаны сау – «иә»!- деп айт» атты ұранымен демалыс күндер аясында республикалық ауқымды акция өтуде.
Осыған байланысты Астана қаласында салауатты өмір салтын ұстану күніне орай «Денсаулық-2015» тақырыбында ең үлкен ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр.
Қазақстанда «Тәні саудың – жаны сау – «иә»!- деп айт» атты ұранымен демалыс күндер аясында республикалық ауқымды акция өтуде.
Осыған байланысты Астана қаласында салауатты өмір салтын ұстану күніне орай «Денсаулық-2015» тақырыбында ең үлкен ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр. Бұл фестивальді астаналық салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы ұйымдастырып, акцияға қатысу үшін 1,5 шақырымға Астана қаласы көшелерімен 5 мыңға жуық қалалықтар жүгіріп өтеді деп жоспарлады.
Сенбі күні, яғни 5 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігі МКҚК «Көпбейінді колледжі» республикалық жаппай жүгіру шарасына белсене қатысып, «Ауғандықтар» паркінен Жұмабаев пен Қ.Мұңайтпасов көшесінің қиылысына дейінгі қашықтықта жүгіріп өтті. Мәре сызығы «Жерұйық» паркіне жеткенде, Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылған концертті тамашалады.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 1999 жылы өткізілген «Денсаулық фестивалі» акциясы жыл сайын жалғасын тауып, елімізде жүз мыңдаған адамдар салауатты өмір салтын қалыптастыруда.





Теги:
div » img,
Комментариев нет
Просмотров: 328