
«Сынып жетекшісі- тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы»
08.09.15 ж «Сынып жетекшісі- тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингтің негізгі мақсаты сынып жетекшілермен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы жас сынып жетекшілерге алдын алу бағытында бағыт-бағдар беру.Мұғалімдерге коучингті ұйымдастыруда Мұғалімдерге арналған нұсқаулық басшылыққа алынды. Оқу нәтижесі «Сыни тұрғыдан ойлау»
08.09.15 ж «Сынып жетекшісі- тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингтің негізгі мақсаты сынып жетекшілермен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы жас сынып жетекшілерге алдын алу бағытында бағыт-бағдар беру.Мұғалімдерге коучингті ұйымдастыруда Мұғалімдерге арналған нұсқаулық басшылыққа алынды. Оқу нәтижесі «Сыни тұрғыдан ойлау» модулімен танысу арқылы елестетуге, баламалы шешімдер қабылдауға, іс-әрекеттің түрлендірілген тәсілдерін енгізуге ықпал етеді, қатысушылардың ойлау қабілеттерін дамытады, функционалдық сауаттылыққа бейімділікті қалыптастырады. Қолданылған оқыту әдістері: Сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, жұптық, топтық жұмыс, диалог, рольдік ойындар.
Коучингке 20 мұғалім қатысты. Олар 4 топта бірігіп жұмыс жасады. Коучинг барысында мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызуда көңілді әуенмен «Шырша ағашы» биі ұсынылды. Олар ынтымақтаса әсем видеороликті көру арқылы бірігіп жаттығу орындады. Екінші кезеңде мұғалімдерге «Үздік сынып жетекші моделі» тақырыбында ассоциация жасалды. Мұғалімдер жұппен, топпен біріге отырып, тапсырманы орындап, ой қозғады. Үшінші кезеңде мұғалімдердің іс-әрекетін қадағалап үйренуіне жол ашу, ой- пікір қозғау үшін бейнематериал көрсетілді. Берілген ақпараттан сынып жетекшілер өздеріне тиісті мағлұматтарды түртіп алып отырды және өз тәжірибелерінде қолданысқа енгізетінін атап өтті.
Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша ролдік ойындарға кезек берілді. I топ – Алакөл мұғалім
II топ – Арызқой мұғалім
III топ – Еріншек мұғалім
ІҮ топ- Жас маман мұғалім
Төртінші кезеңде мұғалімдердің пікірін жинақтау, негізгі тақырыпқа назар аударту, ой ұшқырлығы, пікір қозғауда бала тәрбиесіне байланысты «Бала тәрбиесі –баршамызға ортақ» тақырыбында проблемалық мәселе ұсынылды. Сыныпта проблема болатын «қиынға бейім» оқушының бейнесін сала отырып, ортамен мәселені шешу және алдын-алу жұмыстарының тиімді жолдарын көрсету мақсатында келесі тапсырма берілді. Топ мүшелері проблемалық мәселені қызу талқылап, топ мүшелері ойларын ортаға салды. Әр топ өздері таңдаған тақырып бойынша жұмыс түрлері бойынша постер жасап қорғау барысында екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша бірін-бірі бағалады. Бесінші кезеңде жаңа әдіс-тәсілдер арқылы мұғалімдердің өзгеру дағдыларын қалыптастыру барысында «Бәрі өз қолыңда» тақырыбында әзірленген видеоролик көрсетілді. Мұғалімдер видеороликпен таныса отырып, жұмыс процесінде сыныппен қандай бағытта жұмыс жасау керектігі туралы ой қалыптасты.
«Бәрі өз қолыңда» бейнематериалын көріп, өзгеру дағдыларын қалыптастырудың қажеттілігі туралы ойларын қорытты.
Алтыншы кезеңде мұғалімдерге бүгінгі коучингтен алған әсері туралы интервью әдісі бойынша ашық сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізілді.
![]() |
![]() |
![]() |
Коучинг сессия өткізген: Аманбаева Г.М.