
«Денсаулық апталығы» республикалық акциясының негізінде «Салауатты өмір салтын құптаймыз!» ұранымен өткен кең ауқымды денсаулық акциясының салтанатты ашылу шарасы болып өтті.
Астана қаласы әкімдігінің №38 мектеп-лицейінде «Денсаулық апталығы» республикалық акциясының негізінде «Салауатты өмір салтын құптаймыз!» ұранымен өткен кең ауқымды денсаулық акциясы шеңберінде мектебімізде 5-қыркүйек күні мектеп оқушыларына мектеп сызығы ұйымдастырылып, салтанатты ашылу шарасы болып өтті.
Астана қаласы әкімдігінің №38 мектеп-лицейінде «Денсаулық апталығы» республикалық акциясының негізінде «Салауатты өмір салтын құптаймыз!» ұранымен өткен кең ауқымды денсаулық акциясы шеңберінде мектебімізде 5-қыркүйек күні мектеп оқушыларына мектеп сызығы ұйымдастырылып, салтанатты ашылу шарасы болып өтті.
Фестивальге барлығы – 761 оқушы, 6 дене шынықтыру пәні мұғалімі және барлық сынып жетекшілері қатысты.
Жарыстар қорытындысы төмендегідей болып өтті
5-сынып (қыздар) оқушылары арасында болып өткен жеңіл атлетикадан эстафета жарысында. І-орынды 5 «Б» сыныбы оқушылары, ІІ-орынды 5 «Г» сыныбы оқушылары, ІІІ-орын 5 «А» сыныбы оқушылары.
5-сынып (ұлдар) оқушылары арасында болып өткен жеңіл футбол жарысында. І-орынды 5 «А» сыныбы оқушылары, ІІ-орынды 5 «Ә» сыныбы оқушылары, ІІІ-орын 5 «Г» сыныбы оқушылары.
6-сынып қыздар арасында пионерболдан жарыс болып өтті. Сайыс соңында І-орында 6 «В» сынып оқушылары, ІІ-орынды 6 «Ә»сынып оқушылары, ІІІ-орынға 6 «А» сынып оқушылары ие болды.
6-сынып ұлдар арасында спорттың футбол түрінен сайыс болып өтті. І-орынды 6 «Г» сыныбы, ІІ-орынды 6 «А» сыныбы оқушылары, ІІІ-орынға 6 «Ә» сыныбы оқушылары ие болды.
7-сынып қыздар арасында көңілді старттан жарыс болып өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 7 «Б» сыныбы оқушылары І-орын, 7 «Ә» сыныбы оқушылары ІІ-орын, ІІІ-орын 7 «В» сынып оқушылары.
7-сынып ұлдар арасында спорттың Баскетбол түрінен жарыс болып өтті.. Жарыс қорытындысында І-орынды 7 «Б» сыныбы оқушылары, ІІ-орынды 7 «Ә» сыныбы, ІІІ-орынды 7 «А» сыныбы оқушылары иеленді.
8-сынып (қыздар) оқушылары арасында болып өткен жеңіл атлетикадан эстафета жарысында. І-орынды 8 «А» сыныбы оқушылары, ІІ-орынды 8 «Б» сыныбы оқушылары, ІІІ-орын 8 «Ә» сыныбы оқушылары
8 -сынып ұлдар арасында спорттың футбол түрінен сайыс болып өтті. І-орынды 8«Ә» сыныбы, ІІ-орынды 8 «А» сыныбы оқушылары, ІІІ-орынға 8 «Б» сыныбы оқушылары ие болды.
9-сынып қыздар арасында волейболданжарыс болып өтті. І-орынды 9 «Ә» сыныбы оқушылары, ІІ-орынды 9 «А» сыныбы оқушылары және жүлделі ІІІ-орын 9 «Б» сыныбы оқушылары.
9-сынып ұлдар арасында спорттың футбол түрінен жарыс болып өтті. 9 «Ә» сыныбы оқушылары І-орынды алған болса, ІІ-орынды 9 «А» сыныбы оқушылары иеледі және жүлделі ІІІ-орын 9 «В» сыныбы оқушылары.
10-11 сыныптар арасында стритболдан жарыс болып өтті. І-орында 11 «А» сынып оқушылары, ІІ-орынды 11 «Ә»сынып оқушылары, ІІІ-орын 10 «Ә» сынып оқушылары.![]() |
![]() |