Меню KDT

№ 58 мектеп-гимназиясында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында республикалық ата-аналар конференциясы өтілді.



Қазақстандық отбасылардың тәрбиелік әлеуетін арттыру, отбасы проблемаларына назар аудару   – мемлекеттік  басым бағыттардың бірі, біздің мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі! 
Отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау мақсатында 12 қыркүйек күні сағат 10.00-де  мектебімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының тапсырысы бойынша мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің  ата-аналарына арналған  «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында  республикалық   ата-аналар конференциясы өтілді. 
Конференцияны мектеп-гимназия  директоры Умарова  Алма Қайрбулатқызы ашты.   Мектеп психологтары Ж.К.Дүйсебаева, Қ.С.Жеңіс  ата-аналарға 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі туралы    кеңестер  ата-ана тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Отбасылық тәрбие жөнінде  бейнероликтер көрсетілді.






Комментариев нет
Просмотров: 399
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.09.2015 в 14:55