Демалыс күнгі саяхат
Халықаралық туризм күніне орай 27 қыркүйекте "Туризм" бөлімінің оқытушылары №14 мектеп-гимназиясының оқушыларымен ашық есік күнін өткізді. Оқушыларға нағыз туристтің өміріне үңіле отырып, демалыс күні колледждің 2ТРА-114 топ студенттерімен саяхатқа шығуға ұсыныс жасады.

2015 жылдың 12 қыркүйегінде 0511000 "Туризм" мамандығының өндірістік оқыту шебері Қайрат Бекенұлы Бельжанов ҚР туризм саласы бойынша спорт түрлерінің нұсқаушысы және Бағлан Құрманғалиқызы Отарбаева Ақмола облысы Целиноград ауданының Тай-төбе ауылындағы терек алаңына №14 МГ оқушыларының қатысуымен саяхатқа шықты.
Алтын күздің керемет ауа-райында саяхат екі күнге созылып, палаткада түнеген колледж студенттері оқушылармен түрлі шаралар ұйымдастырып, шеберлік сыныптарын өткізді. Олар: горизантальды арқандағы маятник, жергілікті қиысудан жүгіру, от жағу, палатка құру т.б. Колледж студенттері мен оқушылар екі топқа бөлініп, туристік сайыстардан жарыс ұйымдастырды.

Теги:
div » img,
Комментариев нет
Просмотров: 462