
Астана бойынша жалпы саяхат
Бірінші курс студенттерінің бейімделу кезеңі басталды. Барлық мамандықтардың студенттері әртүрлі іс-шараларға белсене қатысып, студенттік өмірдің қалыпты кезеңіне аяқ басты. 0511000 "Туризм" мамандығының 3 курс студенттері қала бойынша саяхат ұйымдастырып, 1ТРА-115 тобының оқу-өндірістік шеберлері А.Т.Узбайрова мен Д.К.Сапарғалимен бірге саяхат өткізді.
Бірінші курс студенттерінің бейімделу кезеңі басталды. Барлық мамандықтардың студенттері әртүрлі іс-шараларға белсене қатысып, студенттік өмірдің қалыпты кезеңіне аяқ басты. 0511000 "Туризм" мамандығының 3 курс студенттері қала бойынша саяхат ұйымдастырып, 1ТРА-115 тобының оқу-өндірістік шеберлері А.Т.Узбайрова мен Д.К.Сапарғалимен бірге саяхат өткізді. Саяхат маршруты астананың ең көрікті және танымал көшелері мен алаңдарына құрылды. Олар: Есіл өзенінің жағалауы, "Бейбітшілік және келісім сарайы", "Қазақ елі" манументі, "Шабыт" шығармашылық сарайы, "Хан Шатыр" ойын-сауда орталығы, т.б.
Қазақстанның әр түкпірінен жиналған 1ТРА-115 топ студенттері Астана қаласының әлемдегі ең әдемі қала екендігіне тәнті болып, күннен күнге жаңарып, көркейіп, дамып келе жатқан керемет қалада оқу өте қызықты болатынына көз жеткізді.
Шараның сәтті өткені соншалық - бірінші курс студенттерінің осы бағытта жұмыс істеуге құлшыныстары арта түсті.


Теги:
div » img,
Комментариев нет
Просмотров: 545