
«Мектеп және отбасы»
Қыркүйек айының 12-жұлдызында о местоположении С. ші Мәуленов атындағы №37 Орта мектептің қабырғасында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбындағы апталық шеңберінде 5-ші сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Мектеп және отбасы» тақырыбында мектепішілік іс-шара болып өтті. ұл іс-шараға 5 «б», 5 «в», 5 «г» және 5 «д» сыныптарының оқушылары мен ата-аналары қатысты. Сайыс барысында барлық қатысушы сыныптардың ата-аналары белсенділік көрсетті.
Бұл сайыс әділ-қазылар алқасының әділ баға беруімен жалғасты. Әділ-қазылар алқасы мүшелерінің құрамына мектебіміздің тәрбие ісі жөнідегі меңгерушісі Кошкунбаева М.У., дене тәрбиесі пәні мұғалімі Абдрахманов Р.З., мектебіміздің Ұланбасы Ахметова Ажар жатқызылды.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды 5 «д» сыныбының оқушысы мен ата-анасы қанжығасына байлады. Ал екінші орынға 5 «в» сыныбының оқушысы мен ата-анасы ие болды. Үшінші орынды 5 «г» сыныбының оқушысы мен ата-анасы жеңіп алды. Ал 5 «д» және 5 «б» сыныбының ата-анасы мен оқушысы қатысқаны үшін мақтау қағаздарына ие болды.