Меню KDT

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сабақтар өтті

Л.Н.Гумилев атындағы Отырар кітапханасы ғылыми орталығының, ғылыми қызметкері Жанбота Тасболатұлының  және тарих мұғалімі Қуанбаев Серік Дәулетшеұлының қатысуымен  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми - конференция өтті.


   2015жыл – Қазақ хандығының 550 жылдығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие», деп атап көрсетті. Осыған орай, 2015 жыл 9 қыркүйек сағ.9.30да 1-11 сыныптар арасындағы әр паралельде бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өтті.
   Л.Н.Гумилев атындағы Отырар кітапханасы ғылыми орталығының, ғылыми қызметкері Жанбота Тасболатұлының және тарих мұғалімі Қуанбаев Серік Дәулетшеұлының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми - конференция өтті. Ұйымдастырған: Шаяхметова А.С, Дүйсенбекова С.Ш.
   Кітапханада тарих мұғалімі Д.Ақжанованың ұйымдастырумен Қазақстан тарихы пәнінен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сабақ өтті. «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбында жинақталған мәліметтермен  таныстырылды.


Комментариев нет
Просмотров: 533
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 15.09.2015 в 00:00